Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3086 0 пікір 28 Маусым, 2009 сағат 20:48

ҚР-да қазан айында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын іс жүзінде жүзеге асыру басталады - ҚР ККМ

Алматы. 26 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда қазан айында  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін жөндеу жобасы іс жүзінде жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы ҚР көлік және коммуникация министрлігінің (ҚР ККМ) баспасөз мәлімдемесінде айтылған.

Баспасөз қызметі еске салып өткендей, бейсенбі күні сенат Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің (ХҚДБ) арасында биылғы жылы 13 маусымда қол қойылған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі жобасын қаржыландыру үшін займ туралы келісімді ратификациялады.

ХҚДБ $2 125 млн несие береді, бұл - банктің және Қазақстанның тарихындағы ең үлкен заем. Оның мерзімі – 25 жыл, жеңілдікті мерзімі - 5 жыл. Қаржы Ақтөбе облысының шекарасы – Қызылорда – Шымкент арқылы өтетін 1 062 шақырым жолды жөндеуге бағытталады.

Соның ішінде, жолдың 475 шақырымы ( Шымкенттен Қызылордаға дейін) төрт жолақты қозғалысы бар I техникалық санатқа ауыстырылады, 587 шақырымы (Қызылордадан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) екі жолақты қозғалысы бар II техникалық санатқа жеткізіледі.

Қазіргі уақытта ҚР ККМ ХҚДБ ережелері бойынша мердігер компанияларды таңдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 14 учаске бойынша құрылыс жұмыстары туралы келісімдерге биыл тамыз айында қол қойылып, қазан айында жұмыс басталады деп жоспарланып отыр. Қалған жеті учаске бойынша жөндеу жұмыстары 2010 жылдың наурызынан 2012 жылдың соңына дейін жүзеге асырылмақ. Жоба бойынша жұмыс 2013 жылдың  31 желтоқсанында аяқталуға тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377