ҚР эконоимкасының шикізаттық емес секторына салынатын инвестиция 2017 жылға қарай 15%-ға өседі - Назарбаев
Астана. 25 қараша. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шикізаттық емес секторына салынатын инвестиция 2017 жылға қарай 15%-ға өседі деп болжап отыр.
«ІЖӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі артады, дайын өнім экспорты 40%-ға артады. Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 1,5 есеге артады», - деді ол жұма күні «Нұр Отан» партиясының XIVсъезінде.
Одан басқа президенттің айтуынша, металлургия мен химия саласындағы өндіріс көлемі екі есеге артады, жеңіл өнеркәсіп өнімдері ішкі тұтынысты үштен бірге қанағаттандырады.
«Жалпы алғанда біздің («Нұр Отан» партиясының - ҚазТАГ) келешекке деген көзқарасымыз ХХІ ғасырдың негізгі қауіп-қатерін ескеріп отыр», - деп Н. Назарбаев атап өтті.
Сондай-ақ, деп жалғастырды елбасы, 2017 жылы ана мен бала өлім-жітімінің көрсеткіші 1,5 есеге төмендейді, ал базалық зейнетақы төлеу мен адрестік әлеуметтік көмек күн көріс шегінің 60%-нан кем болмайды (жыл сайын бекітіледі - ҚазТАГ).
«Сонымен қатар мүгедектердің және мемлекеттік жәрдемақы алатын категориядағылардың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша нақты іс-шаралар атқарылуы тиіс», - деді ол.
Президент, Қазақстан 2018 жылға қарай халқының кірісі жоғары елдер қатарына кіруі тиіс деп қорытындылады.

Бұрын хабарланғандай, 2010-2014 жылдары экономиканы индустриалдау мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестицияның жалпы көлемі Т6,5 трлн-нан ($44 млрд) асады.
2010 жыл қорытындысында өңдеу секторына салынған тікелей инвестиция көлемі $2,5 млрд.болды.