Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3590 0 пікір 25 Қараша, 2011 сағат 06:04

ҚМГ 2016 жылға дейін ҒЗТКЖ шығын көлемін Т46 млрд-қа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ - «ҚазМұнайГаз Ұлттық компания» (ҚМГ) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) кететін шығынды 2016 жылға 46 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, - деп комапния баспасөз қызметінен хабарлады.

«ҚМГинновациялық-технологиялық даму бағдарламасына сәйкес 2016 жылға дейін ғылыми-зерттеу және тәжірибелілік-конструкторлық жұмыстар шығындары 46 млрд. теңгеге дейін өседі», - делінген жұма күні таратылған хабарда.

Негізінен шығындар геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру, мұнай және газ  тасымалдау жүйесін және технологияларын жетілдіру, экология, энерго- және ресурс үнемдеу, мұнай қайтарымын көтеру мақсатында тозған кен орындарын өңдеу тиімділігін арттыру сияқты ғылыми ауқымды бағыттармен байланысты болады.

Бұдан басқа инновациялық инфрақұрылым құру үшін «ПИТ «Alatau» арнайы экономикалық аймақ аумағында ҚМГИ Ғылыми-зерттеу орталығының және КБТУ Ақпараттық технологиялар және мұнай-газ инжиниринг институтының объектілерін салуға, сондай-ақ мұнай қайтарымын арттыратын инновациялық технологияларды сынақтан өткізу үшін тәжірибелілік-өнеркәсіптік алаң жасауға 43 млрд. теңге шамасында қосымша қаражат бөлу жоспарлануда.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ҚМГ бейіндік мамандығы бойынша 10 жас қазақстандық ғалымдарға жыл сайынғы сыйлықақы тағайындауды және ҚМГ компаниясы тобының қызметкерлерін ынталандыру мақсатында ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізу бойынша өнертапқыштық бастамаларды қолдауды жоспарлап отыр.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі, деп көрсетілген компания баспасөз қызметі жұма күні таратқан хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3223
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279