Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2652 0 пікір 28 Маусым, 2009 сағат 20:50

Астана басшылығы мансарда қабаттарындағы пәтер иелеріне жалға берілетін баспана ұсынды

Астана. 26 маусым. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Астана әкімдігі мансарда құрылысының қатысушыларына коммуналдық меншіктегі баспананы жалға алуды ұсынып отыр. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне әкімнің орынбасары Сергей Хорошун хабарлады.

Ол елордада мансарда қабаттарын негізгі салушылар басшылары сотталып кеткен «НСК» және «Шаһар Астана» компаниялары болғанын еске салды. Мансардалардың құрылысы қандай да бір рұқсат беретін құжаттарсыз, құрылыс нормаларын бұзу арқылы жүргізілген.

Құрылыс жүргізуші компаниялар басшыларына сот үкім шығарған соң, әкімдік мансардаларды зерттей бастады.

«Тексеру барысында анықталғандай, мансарда қабаттарының көп бөлігі ары қарай салуға келмейді, өйткені жұмыс барысында өте үлкен бұзушылықтарға жол берілген. Аяқталмаған құрылысты жалғастырып, бітіргеннің өзінде, онда өмір сүру қауіпті», - деп атап көрсетті С.Хорошун.

Оның айтуынша, мансарда қабаттарын бұзу қажет.

«Сейсенбі күні кеңесте қала әкімдігі коммуналдық меншіктегі баспананы жалға алуды ұсынды. Мансарда құрылысының қатысушылары тарапынан бұл ұсыныс қолдау тапқан жоқ. Олардың көпшілігі – 80-нен аса адам бұл ұсынысты қолдады. 30 адам ғимаратта қалды. Олар пәтер талап етті», - деп түсіндірді әкімнің орынбасары.

Мансарда пәтер иелерінің бұл тобы кеңестен кейін әкімдіктің ғимаратынан кетуден бас тартып, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуді талап етті, деді С.Хорошун. «Ұзақ келіссөздерден кейін бұл топ түнгі сағат бірге қарай бірақ тарады», - деп нақтылады ол.

Әкім орынбасарының пікірінше, мансарда иелерінің бұл әрекеттері әдепсіз болып табылады. «Кеңеске қатысушылар қолданыстағы заңды бұзғанын айтқым келеді». Әкімдік  – режимді нысан, мұндй ешкім жасырынбайды. Мен бұл ғимаратта соңғы 2,5 жылда жүздеген кездесу өткіздім. Сондықтан, бұл шара тіптен әдепсіз болды деп есептеймін. Келесі жолы осындай болса, біздің қалалық құрылымдар заңға сәйкес әрекет етеді», - деп атап көрсетті ол.

«Қалыптасқан жағдайға баға бере отырып және мансарда құрылысының қатысушыларын үлескерлерге теңеуге болатынын ескерсек, біз мәселені экономиканы тұрақтандыру шаралары шеңберінде, яғни «Жаңа Құрылыс» ЖШС арқылы шешуге тырыстық. Осы кәсіпорын қызметінен қаржының бір бөлігін мансарда қабаттарының құрылысын аяқтауға жұмсау туралы шешім де қабылданды», - деді С.Хорошун.

Алайда, мансардалық баспананың үлексерлері өздеріне жеке үй салып, пәтер беруді талап етті, деді ол. Бұл мақсатқа «Жаңа Құрылыс» ЖШС-нің қаржысы жоқ, деп атап көрсетті С. Хорошун.

Оның мәліметтеріне сәйкес, жалпы мансарда қабаттарының құрылысына 500-ден аса үлескер қатысты. Құрылыстың жартысынан кем бөлігі ғана соңыға дейін жеткізілді. «Оны заңдастыру үшін тексеру қажет, баспананы заңдастырудың жалғыз жолы – сот арқылы, үлескерлер сотқа арыз беру керек», - деді С.Хорошун.

Мансарда пәтерлері иелерімен келесі кездесу 30  маусымға белгіленді. Апта ішінде әкімдік үлескерлер енгізген ұсыныстарды қарастырады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377