Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2763 0 пікір 28 Маусым, 2009 сағат 20:52

Қаржы полициясы мемлекет қаржысын жымқырды деп күдіктеліп отырған кәсіпкер Тұржановпен кездесулердің барлығына 5 шілдеге дейін тыйым салды

Алматы. 26 маусым. ҚазТАГ – Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік 5 шілдеге дейін халық санағына бөлінген қаржыны шығындау ісі бойынша қамауға алынған, «Киiк» ЖШС құрылтайшысы, Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Серік Тұржановпен кездесулерге тыйым салды. Бұл туралы «Республика» газетіне Тұржановтың адвокатына сілтеме жасап кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығының президенті Талғат Ақуов хабарлады.

«Тұржановтың адвокаты  Хамида Айтқалиева 5  шілдеге дейін онымен кездесуге рұқсат жоқ екенін айтты. Осылайша, қаржы полициясы оны түрлі кездесулерден, келіссөздерден айырып отыр, біздің пікірімізше, бұл оның конституциялық құқығын бұзады. Бүгін онымен туыстары да, қоғамдық қорғаушылар да кездесе алмай отыр»,- деп түсіндірді Т. Ақуов.

Оның айтуынша, «әзірге адвокат та, туыстары да осы себеп бойынша наразылық білдірмеген».

Ал экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктегілер «бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді» деп мәлім етті.

«Тергеуші тергеу әрекеттері бойынша оның әйелімен келіседі, ол онымен еркін кездеседі. Осы күнге дейін оның туыстарынан кездесу туралы өтініштер түскен жоқ. Сондықтан ешкімге кездесуден ресми түрде бас тартылған жоқ», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз хатшысы Дәмежан Есембекова.

Бұрын хабарланғандай, 2 маусымда соңғы халық санағын өткізу кезінде 764,8 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен Серік Тұржанов қамауға алынған болатын. Бұл іс бойынша ҚР статистика жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары Нұрман Баянов пен  Бірлік Меңдібаев күдікті ретінде қарастырылып отыр. Прокуратура Тұржановты қаржыны шығындауға қатысы жоқ деп таныса да, сот оның қамауда отыруын 15 маусымға дейін ұзартты, кейін мемлекет қаржысын жымқырғаны туралы қаржы полициясы таққан айып бойынша бұл мерзімді тағы екі айға ұзартты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377