Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Бұ не мазақ? 4961 11 пікір 15 Шілде, 2020 сағат 13:49

Семей әкімдігінің қамқорлығы - бір дана «маска» ма?

Семей әкімдігі індет өршіп тұрған қазіргідей қиын кезде өз тұрғындарына, әрбір адамға бір-бір бетперден үлестіріп жатыр екен. Әне, көрдіңіз бе?!Шығыстағы жұрт Семей әкімдігінің бұл «қамқорлығы» туралы желіде жазып жатыр.

Блогер Яков Федровтың айтуынша, қалалық әкімдіктен келген ер адам оның анасына 1 дана бетперде (маска) әкеліпті. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

«Менің анам Семей әкімдігінің анау көктемде айтқан категориядағы (зейнеткерлерге) азаматтарға көмектесе бастағанын жазды.

«Собестен» бір дана бетперде (маска) әкеліпті.

Осындай жомарттығы мен жіберген көмегі үшін Семей әкімі Ермак Сәлімовке рахмет!  Банк картаңыздың номерін жіберіңізші! Мұндай көмегіңіз үшін 100 теңге аударып, ақшасын қайтарамын. Көмектерінің түріне қарасам, шын мәнінде қазір ақша әкімдікке керек сияқты»,- дейді блогер.

Әкімшіліктің қамқорлығы туралы аймақтың басқа тұрғындары да жазып жатыр екен.

Ал, қала басшылығы Tengrinews.kz сайтына берген жауабында бұл ақпаратты растапты. Аталған акцияны облыс әкімдігі өткізіп жатқанын айтыпты.

«Иә, әр адамға бір маскадан беріледі. Көп балалы отбасылар мен АӘК алушылар үшін, барлық отбасы мүшелеріне беріледі. Көп рет пайдалануға болатын маскаларды тегін тараттық.

Төтенше жағдай кезінде зейнеткерлер, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілгендер, АӘК алушылар, көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетімдер, балалары мүгедек ата-аналарға бюджеттен тыс қаражат есебінен қайта пайдаланатын маскалар берілді.

Қазір облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, бюджеттен тыс қаражат есебінен бұл көмекті қайта жандандырып жатырмыз. Бұл санатқа 470 мың адам кіреді, оның ішінде Семей қаласында - 104,8 мың адам бар. Бұл акция 7 шілдеде басталды», - депті әкімдіктегілер.

Сонымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мұқтаж адамдардың барлығына бір-бір данадан бетперде (маска) берілетінін айтқан екен. Әкімдіңтің бұл акциясы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Сыни пікір көп. Олардың дені: «Бұл не, ашықтан-ашық мазақ ету ме?» дейді... Сонда, Семей әкімдігі ел-жұртқа бір дана бетпердемен қамқорлық жасамақ па?

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060