Жұма, 18 Қыркүйек 2026
6551 6 пікір 15 Шілде, 2020 сағат 17:26

Қапырық...

2020 жылдың қапырық жазы...

Ешқашан шілде айында бұлай қиналып көрмеппін. Бүткіл театр демалыста болса да, көңіліміз арпалыста...

Бұрын демалысқа кеткенде "театр демалыста" - деп жазушы едік... Биыл жазу былай тұрсын, демалысымыз қайсы, мезгілдің қай мезгіл екенінде анықтауға шама болмай кетті .

Бірақ мынандай Ел басына күн туған кезде қарап жатуды жөн көрмедік. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының шығармашылық құрамы мен ұжымдағы адамдар атсалысып біраз ақша жинадық. Бүгін соны Ұлттық ғылыми зерттеу медицина орталығы, қазіргі Ковид орталығы болып отырған Абай Қабатаевич Байгенжин бастаған медициналық орталыққа апарып берді. Оған театрымыздың актрисалары Ләйлә Бекназар мен Бота Мақсұтова барды. Бұйырса олардың хаты да қағаздары да келеді.

Әзірге қуантатын жағдай Біз қарлығаштың қанатымен су сепкендей қолымыздан келгенімізді сол мекемедегі ақ халатты абзал жандарға, ауырып жатқандарға қол ұшымызды созуға берейік дедік. Сырқаттанып жатқан адамдарға шипа берсін, қолұшын берген азаматтарға дендеріңіз сау болсын деп тілек айтамын.

Талғат Теменов

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1296
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2854
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 952
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 890