Сенбі, 23 Қараша 2024
5145 1 пікір 16 Шілде, 2020 сағат 16:05

Қазақстанның қай өңірінде індет өршіп тұр?

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтангазиев коронавирус бойынша көрсеткіші ең жоғары аймақты атады.

Сұлтанғазиев Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 65 188-ге жеткенін аатып өтті. Оның ішінде 32 248 адамда симптомды белгілері бар, 25 688 науқас емделуді жалғастыруда, 39 066 науқас жазылған.

Өткен аптада, 6 мен 12 шілде аралығында республикада 11 325 адам тіркелді. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 6,7 пайызға жоғары.

«Өткен тәулікте вирус жұқтырған 1674 адам тіркеліп, бұл көрсеткіш 2,6 пайызға өскен. Ең көп жұқтырғандар Алматыда - 219 адам, Атырау облысында - 218 адам.

Ең көп өсім Солтүстік Қазақстан облысында - 5,1 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында - 3,9 пайыз.

Республикада 25 688 адам емделуді жалғастыруда, балалар - 192, ауруханаларда - 9966, амбулаториялық негізде - 15 722 адам», - деді Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ Сұлтанғазиев 51 медицина қызметкері коронавирус ауруынан қайтыс болғанын айтты. Бұған дейін қайтыс болғаннан кейін марапатталған 42 дәрігердің тізімі жарияланған болатын.

Оның айтуынша, жағдайы ауыр науқастар анестезиология және қарқынды терапия бөлімшелерінде емделуде. Мұндай пациенттердің жалпы саны - 306, ауыр халде - 265 пациент бар. 41 науқас өте ауыр жағдайда. Коронавирус инфекциясы бар 67 адам вентиляторларға қосылған. Инвазивті емес механикалық желдету 133 науқас үшін қолданылады. 106 адам оттегі терапиясын алады, 9265 адам өздігінен дем алады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5541