Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2828 0 пікір 28 Маусым, 2009 сағат 20:56

Маңғыстау облысы ТЖ бойынша өртке қарсы күрес қызметінің полковнигі пара алғаны үшін сотталды

Алматы. 26 маусым. ҚазТАГ –  Атырау қалалық сотының үкімімен Маңғыстау облысы ТЖ бойынша өртке қарсы күрес қызметінің полковнигі Е. Баймұханов пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Тергеу анықтағандай, Е. Баймұханов өрт қауіпсіздігі бойынша аяқталған құрылыс нысандарының дайын екендігі туралы жұмыс және мемлекеттік комиссияларының актілеріне қол қою құқығына ие бола тұрып, өзінің қызмет бабын пайдаланып, қызмет мүддесіне қайша келсе де, 2008 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде шаруашылық субъектілері өкілдерінен бопсалау жолымен 4 мың теңгеден 240 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алып отырған», - делінген бас прокуратураның жұма күні таратқан хабарламасында.

Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Ақтау  прокуроры Б. Шелікенов Е. Баймұхановқа тағылған айыпты толығымен қолдап, оған бас бостандығынан айыруды қарастыратын жаза тағайындауды сұрады.

Соттың үкімімен Е. Баймұханов  пара алғаны үшін айыпты деп танылып, жалпы тәртіптегі түзету колониясында жазасын өтеумен үш жылға бас бостандығынан айырылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373