Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
5084 9 пікір 18 Шілде, 2020 сағат 12:42

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салынбақ

Қазақстанда имуннобиологиялық дәрі-дәрмек және басқа да медициналық өнімдер шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы басталды. Бұл туралы LS сайты жазды. Дәлірек айтсақ, Үкімет басшысы Асқар Маминнің баспасөз қызметі хабарлапты.

Үкіметтің ақпаратына сенсек, Үкімет басшысы Асқар Мамин вакцина шығаратын зауыттың құрылысын өзі бастап берген. Зауыт Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Гвардейский ауылында салынып жатыр екен.

«Зауыт халықаралық стандарттарға және тәжірбиелерге сай (GMP), иммунобиологиялық дәрі-дәрмек өнімдерін шығаратын болады. Соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина да бар. Қазіргі таңда ҚР ҰҒЗИ дайындаған Covid-19-ға қарсы сынақ түріндегі вакцина ДДСҰ тізіміне енгізілген және сынақтан өткізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сенсек, бұл зауытта коронавирусқа қарсы вакцинадан бөлек, пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцелезге, түйіндік дерматитке, ұсақ жәндіктердегі обаға, қой мен ешкінің жұқпалы эктимасына, құтыруға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар әзірленеді.

Құрылыс 2020 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарланған екен. Зауыттың ауқымы жылына биофармацевтикалық өнімдердің 60 млн дозасын өндіреді деп көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, 11 шілде күні Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдегі ушығып кеткен эпидемиологиялық жағдайды реттеу үшін Үкіметке 2 апта уақыт берген еді.

Сол жиында президент Тоқаев: «Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды өзіміз шығаратын уақыт келді. Біз қашанғы шетелден импортталатын дәрілерге тәуелді боламыз? Намыс қайда?», - деп сынаған еді.

Ал мамыр айында осы Жамбыл облысындағы зауыттың құрылысына және жобалық құжаттарды әзірлеуге деп Үкіметтің резервінен 685,8 миллион теңге бөлінетіні туралы ақпарат шыққан.

Бұл туралы «еgov» порталында Үкіметтің арнайы Қаулысы да шыққан. Онда жаңағы зауыт құрылысы мен құжаттарына деген 685,8 миллион теңге Жамбыл облысының әкімдігіне берілетіні жазылған.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670