Дүйсенбі, 4 Қараша 2024
8049 15 пікір 18 Шілде, 2020 сағат 16:27

Тасмағамбетов атыраулықтарға 26 млн. теңгеге дәрі-дәрмек алып берді

Атырау облысына Иманғали Тасмағамбетовтың мұрындық болуымен «Сәби» қайырымдылық қоры Ресейдің Астрахань қаласынан жедел 59 мың дәрілік препарат жеткізді. Бұл туралы журналист Нұрғали Нұртай әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. 

Оның хабарлауынша, бірнеше мың адамды амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектің жалпы құны 26 миллион 450 мың теңге.

Аталған медициналық көмекті таратуға Атырау қаласындағы Иманғали мешітінің имамы, Жылыой ауданының және Махамбет ауданының имамы бастаған ерікті жандар арнайы тізім жасап, жеткізу жұмыстарын бастап кетті. Оған қоса, осы мешіттердің ұйытқы болуымен 50 сиыр сойылып, 1400 мұқтаж жанға азық-түлік ретінде таратылған.

Атырау облысы коронавирус жұқтырғандар саны осы айда күрт өскен. Осындай сәтте соңғы қызметі Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшіліктен зейнетке шыққан Иманғали Нұрғалиұлы да елдің бір шетінен шығысып, көмек қолын созып отыр.

Оған қоса 3 жасанды тыныс алдыру (ИВЛ) аппараты бүгін жеткізілмек. Тағы да аппараттар әкелу жөнінде келіссөздер жасалған. Өңірдегі қажетті ауруханаларға беріледі.

Сондай-ақ, Иманғали Нұрғалиұлы өзге де өңірлерге Ресейден медициналық және гуманитарлық көмектерді жеткізуге көмек қолын созып жатқан көрінеді.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 892
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1135
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1089