Қазақстан халқын қажет дәрі-дәрмекпен қамту үшін қандай шаралар атқарылды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ және пневмониямен күрес бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәлімет таратты.
Бүгінгі күні медициналық масканың шекті бөлшек сауда бағасы 28%-ға, яғни 118-ден 85 теңгеге дейін төмендеген. Қазір резервте 41 млн маска, 27 млн қолғап, 379 мың қорғаныш костюмі бар.
Тестілеу қуаты: қазір – тәулігіне 32 мың, 1 тамызға қарай - тәулігіне 35,6 мыңға дейін, 1 қыркүйекке қарай - тәулігіне 64 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған.
Тамыз айының соңына дейін тестің ПТР резервін қалыптастыру - 1,2 млн, 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды.
Дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу шаралары:
Біріншіден, сертификаттау рәсімдерін жеңілдету:
- ( 1 айдан 3 күнге дейін)
- бір жолғы әкелу бір тәулік ішінде беріледі
- COVID-19 емдеу үшін жаңа препараттарды тіркеу процедурасы (6 айдан 2 айға дейін) жеделдейді.
Екіншіден, бөлшек сату бойынша дәріханаларды арнайы борттар есебінен толықтыру үшін Ресей мен Үндістанға 4 млн орамға 6 арнайы авиарейс ұйымдастырылған.
Үшіншіден, өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорын құру:
- Алматы - 5 млрд тг
- Нұр-Сұлтан - 1,2 млрд тг
- Шымкент - 180 млн тг
- Ақтөбе облысы - 500 млн тг
- ШҚО - 250 млн тг және басқалар.
Төртіншіден, COVID-19 емдеу бойынша БМСК деңгейінде қосымша дәрі-дәрмекпен, оған қоса 1 млн-ға жуық адамды қамтитын 8,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 5 түрімен қамтамасыз ету көзделген.
Бесіншіден, стационарларда емдеуге арналған дәрі-дәрмектің айлық қоры қалыптасты.
Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу рәсімі қатар жүргізіледі.
Abai.kz