Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2590 0 пікір 3 Тамыз, 2020 сағат 11:51

Цой: Коронавирустан 1058 адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан наурыз айынан бері жалпы саны 1058 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.  

«Қазақстанда қиын кезең артта қалды деп айтсақ, артық болмас. Қазіргі таңда елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы, наурыз айынан бері 92 262 адамнан індет анықталып, 67% науқас дертінен айығып шықты. Оның ішінде 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай, 1058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте COVID-ке шалдығу деңгейі 1400 адамды құрап отыр. Ауруханаларда дәрі-дәрмек те жеткілікті», - деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, республика бойынша COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған 15 стационар науқастардың азаюына байланысты жабылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5362