Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107833. Жазылғандар — 102805. Қайтыс болғандар — 1725
46 - сөз 3078 5 пікір 4 Тамыз, 2020 сағат 16:34

Кейбір мемлекеттердің картасы қайта сызылуы мүмкін

ДДСҰ 01.08.2020 жылғы ресми есебі бойынша әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны 18 миллионнан асса, қайтыс болғандар 689000 -ға жетті. ДДСҰ мемлекеттердің жіберген ресми есебін ғана негізге алады. Алайда көп мемлекеттер вирусқа қатысты шынайы мәліметтерді жасыруда. Ендеше вирусқа шалдыққандар мен салдарынан қайтыс болғандардың саны әлдеқайда көп деген сөз.

2021 жылдың көктеміне дейін әлемде 200-600 миллион арасында адам осы науқасқа шалдығуы, 1,7-3,4 миилион арасында адам осы індеттен көз жұмуы мүмкін деген болжам бар. Жыл соңына дейін әлемде қалыптаса бастаған экономикалық дағдарыс салдарынан 270 000 000 адам аштыққа душар болып, күніне 12000 адам аштықтан өлуі ықтимал деген қауіп бар. Демек вирустың өзінен оның тигізетін салдары жойқын болып отыр.

Бұл болжам шындыққа айналған жағдайда көптеген ірі компаниялар банкрот болып, талай мемлекеттер дефолт жариялайды деген сөз. Көп елдерде көтеріліс болып, аяғы төңкеріске ұласуы мүмкін. Кейбір мемлекеттердің картасы қайты сызылуы да ғажап емес.

Алла адамзатты мына індеттен тезірек құтқарып, қалыпты өмірге жылдамырақ қауышуын жазсын!

Қайрат Жолдыбайұлының жазбасы

Abai.kz

5 пікір