Сенбі, 23 Қараша 2024
5133 0 пікір 8 Тамыз, 2020 сағат 17:18

Трамп TikTok пен WeChat жұмысына тыйым салу жөнінде жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok және WeChat тіркемелері америкалық компанияларға сатылмаса, 45 күн ішінде оларды қолдануға тыйым салу жөнінде бұйрыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, TikTok әлеуметтік желісіне иелік ететін қытайлық ByteDance компаниясымен қандай да бір келісімге келуге тыйым салынады. WeChat тіркемесін басқаратын Tencent компаниясына да осындай шара қолданылады.

Ақ үй мәліметіне қарағанда, бұл платформалар АҚШ қауіпсіздігіне қауіп тудырып отыр әрі оны жою үшін шектеу шаралары қаралып жатыр.

Трамп қытай компаниялары істеп шыққан тіркемелер АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясатына және экономикасына қауіп төндіреді деп есептейді. Оның айтуынша, TikTok америкалық қолданушылардың жеке мәліметтерін пайдаланып отыр. Мұнымен Қытай америкалық шенеуніктерді аңдып, бопсалау және тыңшылық жасау үшін жеке мәліметтердің мұрағатын жасап жатыр.

ByteDance компаниясы өткен аптада TikTok америкалық нарықтан кетпейтінін, тіркеме жеке мәліметтер үшін қауіпсіз екенін айтқан.

Осыған дейін Microsoft TikTok әлеуметтік желісін сатып алуға ниеттеніп жатқанын хабарлаған. Трамп бұған жауап ретінде "егер Америка қазынасы оның басым бөлініне ие болса, бұл келісімді қолдаймын" деген. Сол кезде ол әлеуметтік желіні 15 қыркүйекке дейін жабуға ниеттеніп жатқанын ескерткен.

Америкада "TikTok" тіркемесін 80 миллионнан астам адам қолданады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415