Бейсенбі, 1 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107908. Жазылғандар — 102874. Қайтыс болғандар — 1725
578 0 пікір 14 Тамыз, 2020 сағат 11:18

Көп жайт тәртіпке бағынуымызға байланысты

Коронавирус індетінің екінші толқынынан қалай өтетіндігіміз өзіміздің іс-әрекетімізге байланысты. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Карантиннің жеңілдетілумен қатар белгілі бір қауіптердің күрделене түсуі қатар жүреді. Коронавирусқа қатысты бұл қауіптер мемлекеттік құрылымға не болмаса ауруханалардағы төсек-орынға емес, адамның менталитетіне, адамдардың байыппен немесе жүрдім-бардым қарауына, елімізде туындаған ортақ проблемаға адами біріге білуіне байланысты. Дәл осы деңгейде, коронавирусқа қатысты қазіргі жағдайда бұл үлкен қауіп туындайды»,- деді ол.

Осы ретте Мәжіліс депутаты қауіпті дертті жұқтырып алмау адамның өзіне және тәртібіне байланысты екендігін айтқан Елбасының үндеуіне толық қосылатындығын білдірді.

«Елбасы бізге адамдар тәртіпке, өзін-өзі оқшаулауға, байланыстарды қысқартуға жауапкершілікпен қараған елдерде адамдар наразылық танытатын, маска тағуға мәжбүрлейтін елдерге қарағанда процестің жеңіл өтетіндігін көрсетіп берді. Елбасы үндеуі дер уақытында жасалып отыр әрі өте маңызды. Түптеп келгенде әрбір адам бұл сөздерді жете түсінуі қажет. Індет жұқтырып, өзгелерге таратпау үшін өзіңе, өзіңді қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараған жөн», - деді Мәжіліс депутаты.

Павел Казанцевтің айтуынша, адамдардың барлығы коронавирус індетінің екінші толқыны орын алатындығын түсініп отыр. Ал оның ауыр әлде жеңіл өтетіндігі бұл проблемаға адамдардың байыппен қарауына байланысты.

«Коронавирус індетінің екінші толқынынан қалай өтетіндігіміз өзімізге және тәртібімізге, іс-әрекеттерімізге байланысты», - деді ол.

Айта кетейік, кеше ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 17 тамыздан кейін карантин қалай жеңілдейтінін түсіндірген еді.

Abai.kz

0 пікір