Сенбі, 23 Қараша 2024
2787 8 пікір 17 Тамыз, 2020 сағат 15:52

Ащысайдағы адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында болған адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының полициясы хабарлады. Полицияның айтуынша, 15 тамызға қараған түні ауыл тұрғынын үйінде пышақтап кеткен.

"Ер адамды үйінде пышақтап кеткен. Шелек ауылының ауруханасына жеткізгенмен оны құтқару мүмкін болмады – ер адам жарақаттан көз жұмды" делінген хабарламада.

Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бап 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Полиция күдіктілерді іздестіріп жатқанын хабарлады.

16 тамызда полицияның Ащысай ауылына баратын жолды жапқаны туралы ақпарат шыққан еді. Нақты не болғаны әзірге белгісіз. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаның 2007 жылы Бәйдібек би ауылында болған "қазақтар мен шешендер арасындағы қақтығыспен" байланысты екенін айтады.

Қаза болған адамның аты-жөні Нұрлан Ахметов. Оны туыстары 16 тамызда жерлеген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Ахметов 2007 жылғы қақтығысқа байланысты "шешен отбасының мүліктерін өртеді" деп айыпталып, бір жылға шартты түрде сотталған.

Азаттық тілшісі жергілікті полиция және әкімдікке хабарласқанмен тек жазбаша ғана жауап ала алды және онда жоғарыда айтылған ақпараттан басқа ешқандай жаңа дерек айтылмайды.

Қазір ауылға баратын жол ашылған. Полиция қаза болған адамның үйінде тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

2007 жылдың наурыз және сәуір айларында Алматы облысындағы Маловодное ауылында жергілікті қазақтар мен шешендер арасында қақтығыс болған. Оқиға бильярд залындағы ерегістен басталып, аз уақыт ішінде үлкен жанжалға айналған. Оған екі тараптан жүздеген адам қатысқан. Іс насырға шауып, жанжал соңы оқ атумен аяқталған, салдарынан бес адам қаза тапқан.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522