Сенбі, 23 Қараша 2024
Коронавирус 2417 5 пікір 18 Тамыз, 2020 сағат 12:01

COVID-19: Вакцинаны әр азамат өзі сатып алады

Коронавирусқа қарсы екпені Қазақстан жұртшылығы өзі сатып алады. Үкімет тек қауіп-қатер тобына жататын азаматтарды ғана тегін вакцинамен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, вакцинаның ақысын мемлекеттің мойнына іле салу еш қисынға келмейді. Министрлік халықтың 11,5 процентіне ғана коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін салуға ниетті.

- Елде қауіп-қатер тобына жататын екі миллион 182 мың адам (Қазақстан халқының 11,5 проценті. — Ред.) бар. Бұлар - жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратындар, жасы 65-тен асқандар, қант диабеті секілді созылмалы ауруы бар адамар. Оларды қорғайтын арнайы әлеуметтік ереже, заңдар бар. Ал әрбір дені асу, жұмыс істейтін адамар өздерін вакцинамен қамтамасыз етуі тиіс, - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Сондай-ақ ол қазақстандықтардың барлығын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен екпемен қамтамасыз етудің жөні жоқ екенін айтады.

- Меніңше, дені сау азаматтардың қауіп тобына енуге ұмтылуы ақылға қонымсыз. Жалпы тегін көрсетілетін медициналық көмекке қатысты бекітілген заңнама мен әлеуметтік талаптар бар. Оған қоса, дені сау әрі жұмысы бар әрбір азамат өзін дәрімен және вакцинамен қамтамасыз етуге міндетті. Менің ұстанымым осындай. Бұнымен барлық тұрғын келіседі деген пікірдемін, - деді

Ол Қазақстанның Covax Facility бағдарламасына енгенін, оған сәйкес, халықтың әрбір бесінші тұрғынына вакцина тегін егілетінін жеткізген. Ол вакцина сатып алу үшін көлік шығынын есептемегенде, 18 млрд теңге (43 млн доллар) керек екенін айтқан.

Вакцина және иммунизация (GAVI) жөніндегі ғаламдық альянстың мәліметі бойынша, вакцинаның бір салу мөлшері 10-20 доллар шамасында болады.

АҚШ-тың денсаулық сақтау министрлігі америкалықтардың бәрі COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны тегін алатынын жеткізген.

Қазақстанда тегін медициналық қызмет көрсетуге арналған Медициналық сақтандыру қоры жұмыс істейді. Жұмыс істейтін барлық азаматтар ай сайын төлем төлеп отыруы тиіс: қазір айлығының бір процентін, 2021 жылдан бастап екі прооцентін төлеп отыруы тиіс.

Қазір әлемде вакцинаның 100 шақты түрін әзірлеп жатыр. Бірқатары адамдарға тәжірибе жүргізетін соңғы кезеңіне жақындады.

12 тамызда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күзде вакцина сатып алу үшін Мәскеуге үкімет делегациясын жіберетінін мәлімдеген. Кейін Қожахметов Қазақстан барлық сынақтан толық өтпеген вакцинаны сатып алмайтынын жеткізді. 14 тамызда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова сатылымға бірінші шыққан вакцинаны аламыз деді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510