«Бала тәрбиесі бойынша Қазақстан әлемде ең төменгі орында»
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов білім беру саласындағы кемшіліктер жайлы айтты.
«Сондықтан осының бәрін ескеруіміз керек. 2200 мектептің дәретханасы далада. Екі жылға жуық уақыт өтті. Сонда қайда қарап отырмыз?», - деді премьер-министрдің орынбасары.
Өңірлерде педагогтар әлі тапшы. 200-ден астам мектеп қирайын деп тұр. Оқулықтардың өңірлерге жеткізілуінен де кілтипан тапқан Ералы Тоғжанов сылбыр жұмыс істеген білім басқармаларының басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары жеке жауапқа тартылатынын ескертті.
«Бұл енді негізгі мәселелердің бірі. Бұл бүгін ғана көтеріліп жатқан жоқ қой. Бұған дейін талай рет айтылған мәселелер. Сондықтан осының бәрін ескеруіміз керек. 2200 мектептің дәретханасы далада. Екі жылға жуық уақыт өтті. Сонда қайда қарап отырмыз? Білім басқармаларының басшылары да, мектептің басшылары да, кеше облыс әкімінің орынбасарлары осы мәселеге қатысты жауап берді. «Барлығын 1-қыркүйекке дейін шешеміз» деген әңгіме естілді», - дейді Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Abai.kz