Сейсенбі, 26 Қараша 2024
46 - сөз 10136 8 пікір 27 Тамыз, 2020 сағат 12:01

Арқалықты «жұтқан» Машкевич

Бұл мәселеге Президенттің өзі араласпаса, Архимедтей он әкім әкелсең де қолынан келмейді-ау.

Арқалық қаласындағы жалғыз жүйе құраушы ірі кәсіпорын «Қазақстан алюминийі» АҚ Торғай боксит кен басқармасы ақыры жабылатын болды.
Алты алаштың алтынын қазған Александр Машкевич Арқалықтың астындағы шикізатты отыз жылда опыр-топыр қылды.

Тірлігі ТБРУ-ға тірелген, онсыз да дотациядағы шаһардың шаруасы осымен біткен секілді.

Торғай боксит кен басқармасындағы алты жүзден астам жерлесімнің алдағы тағдыры не болады?

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалыққа арнайы бара жатыр. Сұлу сөзге құралған сылтауы табылар. Мықты болса Машкевичке миллиард доллар инвестиция құйғызсын.

Былтырғы кездесуінде күлкіңді келтіретін, жас балаға кәмпит ұстатқандай ұсыныстар айтыпты. Сілтемесі мінекей https://www.erg.kz/kk/news/1330
Жалтақтаған жұрттың жанайқайы басылғанша жарбаңдап жанында жүрерсіңдер. Әрі қарай ат ізін салмай кетері түсінікті. «Бизнес по билікский» деген осы шығар.

Тәуелсіздіктің бастауында жоқшылық деп Торғай облысын жауып тынды. Көмекті күте-күте қорасындағы малын тауысқан мыңдаған адам амалсыз Арқалыққа көшіп келді. Енді есін жия бастағанда бұл жердің де байлығын тауысып, тағы да тығырыққа тіреді.

Ербол Мәндібектің жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6070