Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4802 11 пікір 27 Тамыз, 2020 сағат 14:07

Қазақ баласы Түрік Президентінен көмек сұрап жүр

Редакциядан. Германиядағы Еуропа қазақтары қауымдастығының төрағасы, қоғам қайраткері Өмірхан Алтын әлеуметтік желі парақшасында Балжігіт Торыбай есімді отандасымыздың Түрік Президентінен азаматтық сұрап отырғанын жазды. Өмірхан мырзаның айтуынша, Балжігіттің екі перзенті ауыр дертке шалдыққан. Бірақ, ол бүлдіршіндерді Қазақстанда емдеуге мүмкіндік таппаған. Егер Балжігіт Түркия азаматтығын алса, екі перзенті ол жақта тегін емделетін көрінеді. Біз бұл мәселеге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бей-жай қарамайды деп үміттенеміз...


«Аса өкінішті жағдай!!!

Қазақ баласы Түрік Президентінен көмек сұрап отыр!!!

Аса ауыр дертке шалдыққан қос бірдей перзентін өз отанында емдеу үшін ешқандай мүмкіншілікке қол жеткізе алмаған Балжігіт - Balzhigit Torybay - бауырымыз, балаларының тағдырына алаңдап, ем іздеп осыдан бірнеше ай алдын Түрік еліне, Стамбул қаласына барған.

Аружан мен Бейбарыс есімді бүлдіршіндеріміз өкінішке орай әлемде сирек кездесетін "Арқа-тірек бұлшықет атрофиясы(Спинальная мышечная атрофия)” деп аталатын ауруға шалдыққан.

Балжігіт пен жолдасы Қазақстанда ресми орындармен қатар КазМұнайгаз, Самұрық Қазына, Халық банк, Каспий банк деген сияқты ірі компаниялар мен банктерге хабарласып көмек сұраған. Алайда олардан еш көмек болмаған.

Жақын арада олар маған хабарласып жагдайларын түсідіргеннен соң осы Германиядағы орындарға шығып көмек жолдарын қарастырдым. Бұл өте сирек кездесетін ауруды емдеу өте күрделі де қымбат екен. Әр бір бала үшін қажет бір реттік бір дәрінің бағасы 100.000 Евро тұрады екен. Шындығын айтқанда Аружан мен Бейбарысты бұл жаққа әкеліп емдету өте қиын болып тұр.

Енді барар жері, басар тауы қалмаған Балжігіт бауырымыз тіке Түркия президенті Режеп Ердоғанға үндеп көмек, атап айтқанда азаматтық сұрап отыр. Егер ол Түркия азаматтығына қабылданса балалары сонда тегін емделетін болады.

Алла Тағала тағдыр тәлкегіне ұшыраған Аружан мен Бейбарыс бүлдіршіндерімізге шипасын берсін!

Алла Тағала ата-анасына күш-қуат және сабыр берсін!»

Өмірхан Алтынның жазбасы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5346