Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 3452 0 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 11:40

Мемлекет басшысы түрік жазушысын «Достық» орденімен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түрік жазушысы Зафер Кибарды «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады

Түркия астанасы Анкарада Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы М.Әуезовтың «Абай жолы» романын жақында түрік тіліне аударған белгілі түрік ақыны, жазушы Зафер Кибарға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес берілген Қазақстанның мемлекеттік наградасы - II дәрежелі «Достық» орденін табыстады.

Өз кезегінде З. Кибар табысталған орден үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, қазақ халқына алғысын білдіріп, Абайдың барша адамзатты ағартар терең сөздерді жай айтып қана қоймай, қағаз бетіне түсіріп, өшпес мұра қылып кеткені жайлы сөз қозғады.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген А. Сапарбекұлы ұлы ақынның қазақ халқы үшін ерекше рөлін айтып, «Абайды тану – өзімізді тану» деп, оның терең ойларының қазақ болмысын қалыптастырғанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат Абайдың әдебиетпен қатар қоғамдық өмірдегі жаңашыл ойлары өзінен кейінгі қазақ зиялылары үшін өнегелі үлгіге айналғанын айтты.

slider

Түркия Мәдениет экс-министрі Намык Зейбек өз сөзінде Абайға қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы деген баға беріп, ұлы ақынның бүкіл түркі әлемі үшін маңызына тоқталды.

Ұлы ақынның өлеңдері, поэмалары мен Қара сөздерін мәнерлеп оқуға арналған әдеби кешке ұласты. Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының суреттерінен құралған көрме салтанатты іс-шара қатысушыларына ұсынылды.

Алқалы жиынға ТР Мәдениет экс-министрі Намык Зейбек, Еуразия жазушылар одағының президенті Якуп Өмероғлу, сондай-ақ жергілікті зиялы қауым және Анкарадағы дипломатиялық миссиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Түркияда білім алып жатқан қазақстандық жастар және т.б. қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299