Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Билік 3726 1 пікір 1 Қыркүйек, 2020 сағат 12:54

Президентке тікелей бағынатын агенттік құрылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Тоқаев кезекті Жолдауында Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құруды тапсырды.

- Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүргізген жөн. Алдымен біз мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі және оларды орындау жауапкершілігі тәсілдерін өзгертеміз. Пандемия мен дағдарыс жағдайында қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі барынша жұмыс істейді.

Сондықтан мен Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Мұндай орган бұған дейін жұмыс істеп, жүктелген міндеттерді сәтті орындады, енді ол бүкіл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық буынына айналады, - деді Президент.

Сондай-ақ, ол Статистика комитеті Ұлттық экономика министрлігінің құрамынан шығып, жаңа агенттіктің құрамына кіретінін айтып өтті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972