Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3252 3 пікір 2 Қыркүйек, 2020 сағат 13:28

Киевтегі басты кездесу

Жаздың соңғы күндері ерекше жемісті болып, грузин әрі украин саясаткері Михаил Саакашвилимен кездесіп қайттым. Грузияның президенті болған, табысты реформаларымен әлемге танылған адаммен сұхбаттасу, кездесу – күнде бола бермейтін мүмкіндік.

Қазір Украинада реформаларды жүзеге асыруға атсалысып жүрген Саакашвилиде ең алдымен көзге түсетіні – қарапайымдылығы. Бір елді басқарған адам бізді өз үйінде қонақ қылып күтті. Үлкен-кіші демейді, бәріне бірдей. Галстуксыз төрт сағаттай кездесу ұйымдастырды.

Саакашвили Киевтің сыртында Лесники деген жерде тұрады екен. Қала сыртындағы саяжайлы алқап тәрізді. 15 сотық жерде үйі бар, күзетсіз, жанында көмекшілері жүр. Грузияның президенті болғанда небары 75 шаршы метр үйде тұрған екен. Біздегі аудан әкімдерінің үйінің өзі кішігірім хан сарайындай болатын шығар.

Әкесінің атымен Михаил Николозович деп айтқанды ұнатпайды, жай Михаил дей беріңдер дейді.

Саакашвилиден мықтылығын кітапқа қолын қою кезінде бір минут ішінде бірталай нәрсені сұрап біліп алғанынан байқадым.

- Еліңізде Бақытжан есімі кең таралған ба?

- Жиі кездеседі, бірақ Нұрсұлтан есімі сияқты кең таралмаған. Шынымды айтсам, бүгінде Нұрсұлтан есімін көп бере бермейді, қазір көбіне Әлихан деген есімді қойып жатыр.

- Әлихан кім болған?

- Әлихан Бөкейханов жүз жыл бұрын қазақтың елдігі үшін күрескен қайраткер, ұлт көсемі, алашордалық. Совет үкіметі, қанішер Сталин көзін жойған.

Біздің елге келе қоймаған, Ресейде басылмаған «Пробуждение силы» деген кітабын Киевтегі оқырманым әкеліп берген еді. Кездесу кезінде бірнеше данасына қолын қойдырып алдым. Ол кітабында тарихи оқиғалардың қатысушысы ретінде көптеген тың деректерді келтіреді. Әсіресе Ресей басшылығының құйтырқы саясатын әшкерелейді. Реформаларды қалай жүргізгені туралы жазған, нұсқаулық сияқты. Реформа жағынан бізге Михаилдің тәжірибесі ауадай керек деп санаймын. Президент болғанда реформаға жауапты етіп 25 жастағы жігіттер мен қыздарды министр етіп тағайындаған. Осының өзі шалдардың қоғамға оң өзгерістерді алып келе алмайтынын аңғартады. Күш-қайратын қайда жұмсайтынын білмей жүрген жастар үшін де Михаилдің кітабы пайдалы болады деп ойлаймын. Мұндай кітаптар Алматының дүкендерінде жоқ, бірақ, өте керек. Сәтті пайдаланып Саакашвилиден кітабын Қазақстанда басып шығаруға рұқсатын алдым. Украин баспасымен де бүкіл шарттарын келісіп қойдым. Демек, Құдай қаласа, жыл соңына дейін @amalbookskz баспамнан тағы бір жаңа кітапты күтіңіздер!

Бақытжан Бұқарбайдың жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354