Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3385 1 пікір 4 Қыркүйек, 2020 сағат 13:33

«Байтұрсынұлы тағылымы» ой түюден құралады

Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін 5 қыркүйекте атап өту дəстүрі орнығып келеді. Жақында Үкімет тарапынан ағартушының 150 жылдық мерейтойын атап өту жоспары бекітілгені туралы хабар шықты. Биылғы жылы біздер Ахаң туралы бірнеше тың құжаттар жариялаған болатынбыз.

Сəтін салса, жақында тағы бірнеше архивтік мұрағатты жарияламақ ойымыз бар. Ол мұрағаттар А.Байтұрсынұлының 1896 жылы жарық көрген публицистикалық мақалалары жəне оның 1904 -1905 жылдардағы Омбы кезеңіне қатысты жазба дерек көздері. Бұларды 5 қыркүйекке, туған күнге орайластырамыз деп жоспарлаған едік, бірақ кейбір деректерді нақтылау мақсатында жұмысты шегеріп жатырмыз.

А.Байтұрсынұлының туған күнін Білім күні жəне Тілдер күні белгіленген қыркүйек айында аталып өтуінің рəміздік сипаты бар. Себебі оның қызметі аталмыш салалармен тығыз байланыста болды. Білім мен тілді құрал деп бағалаған Ахаң сол құралдардың озық болуын, қоғам пайдасына жарауына атсалысты. Құралсыз адам еңбекті өндіре алмайтыны сияқты білімсіз адамның қарымы шектеулі болатынын айтты. Ал "Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады" деп адами капиталды дамытуда, бəсекелестікті жолға қоюда тіл факторының маңызды екенін мегзейді. Жоғалған жұрттың əлемдік бəсекеде, талас-тартыста орны жоқ екені белгілі. Шынында, жоқ жұрттың бəсекеде не жұмысы бар? Ол сол жоқ күйінде қала береді. Демек, бəсекеге қабілетті болу өз тіліңді түрлі факторлар (ғылым, технология, мəдениет) арқылы дамыту арқылы жүзеге асады.

"Байтұрсынұлы тағылымы" дегеніміз өзіміз осылай ой түюден құралатыны сөзсіз.

Алмасбек Әбсадықтың жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373