Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2783 1 пікір 10 Қыркүйек, 2020 сағат 10:58

Қырғызстанда ОСК соттан жеңілді – оппозициялық партия сайлауға қатысатын болды

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы сотта тағы бір партиядан жеңіліп қалды. "Бүтін Қырғызстан" оппозициялық бірлестігі сайлауға қатысатын болды.

Бішкек әкімшілік соты 9 қыркүйекте "Бүтін Қырғызстанның" ОСК-ға қарсы шағымын қараған болатын. Сот партия арызын қанағаттандырды.

ОСК "Бүтін Қырғызстан" съезд өткізу ережесін бұзды деп есептеп, сайлауға қатыстырмау туралы шешім шығарған.

Енді ОСК-ның үш күн ішінде сот шешімін Жоғарғы сотқа арыздануға құқығы бар.

"Бүтін Қырғызстан" – оппозициялық партиялар қатарында. Олар билік бәсекеден қорқады деп есептейді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1115
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1262
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1240