Сенбі, 23 Қараша 2024
3570 0 пікір 16 Қыркүйек, 2020 сағат 11:19

Тағы бір әлемдік шығарма қазақ тіліне аударылды

Әлем және Батыс Еуропа мәдениеті мен әдебиетіндегі ең атақты шығармалардың бірі «Чарли және шоколад фабрикасы» ертегі повесі қазақшаға аударылды. Шығарма авторы – әйгілі жазушы, ақын, сценарист Руал Даһл (Roald Dahl). Кітапты Қазақстанда «Steppe & WORLD Publishing» баспасы шығарды.

Баспа басшысы Райса Қадірдің айтуынша, 13 қыркүйекте әлем бойынша Даһл күні аталып өтеді екен. Сондықтан қазақ тіліндегі «Чарли және шоколад фабрикасы» осы мерекеге орайластырып жарық көріпті.

«Чарли және шоколад фабрикасын» дүниедегі ең тәтті туынды деп айтар едім. Оқып отырғанда шоколад дәмін сездіріп, тіл үйіретін шығарма. Бұл – қазақ тілінде алғаш рет Даһл әулетінің және атақты иллюстратор Күентин Блэйктің ресми рұқсатымен шығып жатқан басылым», - дейді Райса Қадір.

Ол Руал Даһл мен Күентин Блэйктің өнері біріккенде, керемет симбиоз пайда болғанын айтады.

«Чарли және шоколад фабрикасын» қазақ тіліне лексикограф, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Үрила Кеңесбаева аударған. Редакторы – Назгүл Қожабек.

«Кітап өте қарапайым ағылшын тілінде жазылғанын атап өткен дұрыс. Зерттеушілер автордың қолданған сөзі екі мыңның ар жақ-бер жағында дегенді айтады. Қазақша нұсқасы да тілі жеңіл, ұғынықты болып шықты. Бұл аудармашы мен редакторымыздың жоғары деңгейдегі маман екенін дәлелдейді», - дейді Райса Қадір.

Баспа басшысы кітаптың балаларға арналып жазылғанына қарамастан, оқырмандардың көбі ересек адам екенін айтады. Оған кітапта өрбіген оқиғаның қызықтырып, елітіп әкетуімен қатар, үлкен ой салатыны да себеп.

«Чарли және шоколад фабрикасы» кітабына «Steppe & WORLD Publishing» баспасының әлеуметтік желілердегі парақшалары (Facebook, Instagram) арқылы, сондай-ақ whatsapp мессенджерімен +7 700 246 35 30 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.

Қосымша ақпарат:

«Steppe & WORLD Publishing» баспасы балаларға арналған Жулия Дональдсонның «Ақын Қоян» және «Груффало», Эрик Карлдың «Қомағай Жұлдызқұрт», Элен Дельфорждың «Мама», Жефф Киннидің «Тентек балақайдың күнделігі», сондай-ақ «Анна Франктің күнделігі» секілді кітаптарды қазақ тіліне аударып, шығарған. 2020 жылы баспа Жоан Роулиңтің «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас», «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» кітаптарын ұсынды. Қазір «Хәрри Поттер» сериясына кіретін қалған бес кітап аударылып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522