Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3345 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 18:23

Оңтүстік Кореяда қарағандылық үш баланың жүрегіне операция жасалады

Қарағанды. 29 маусым. ҚазТАГ – Жүрек қан тамырлары ауруларына шалдыққан қарағандылық үш балаға оңтүстіккореялық мамандар операция жасайды.  Дүйсенбі күні Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин мен ҚР-дың Корея Республикасындағы елшісі Дархан Бердалиевпен кездесуде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасының басшылығына күрделі операцияны қажет етіп отырған балаларды қысқа мерзімде Оңтүстік Кореяның емханаларының біріне аттандыру туралы мәселені қарастыруды тапсырды.

Кездесу барысында облыс әкімі мен елші оңтүстіккореялық кәсіпкерлердің аймақта жүзеге асырылатын инновациялық-индустриалдық жобаларға, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика және басқа салалардағы жобаларға қатысу мүмкіндігін талқылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269