Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
2828 1 пікір 22 Қыркүйек, 2020 сағат 13:06

Мемлекет бағдарламасымен салынып жатқан спорт кешені құлап қалды

Алматы облысында мемлекеттен 1,2 млрд теңге қаржы бөлінген нысан қирады.Бұл туралы Azattyq-ruhy.kz хабарлады. 

Нақтырақ айтсақ, Алматы облысы Ұйғыр ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің бір бөлігі құлап қалған. Спорт кешенінің құрылысы 2019 жылы басталған және жоспар бойынша 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс.

«Мемлекет есебінен 1 244 483,7 мың теңге қаржы (1,2 млрд теңгеден аса – ред.) бөлінген. Тапсырыс беруші – Алматы облысының құрылыс басқармасы. Мердігер компания – «Лидер-НК» ЖШС. Аталмыш нысанның бір бөлігінің құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп, жиын өткізді», - деп хабарлады облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Үсенбаев.

Сонымен қатар, жергілікті әкімдік өкілі комиссия қорытындысына сәйкес, жауапты мекеме олқылықтарды қалпына келтіретінін хабарлаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 871
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2278
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 584
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 562