Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
2406 0 пікір 22 Қыркүйек, 2020 сағат 13:22

Ресей Қазақстанмен әуе қатынасын қайта орнатты

Ресей Беларусьпен, Қазақстанмен және Қырғызстанмен әуе қатынасын қайта орнатты, деп хабарлады ТАСС. Тиісті қаулыға премьер-министр Михаил Мишустин қол қойды.

Осы елдердің астаналарына - Минск, Нұр-Сұлтан және Бішкек қалаларына аптасына бір мәрте әуе рейсі қатынайды. Ал 27 қыркүйекте Ресей Оңтүстік Короямен әуе қатынасын қайта орнатады.

Халықаралық әуе қатынасының ашылуына байланысты, 21 қыркүйектен бастап шетелдегі азаматтарды елге жеткізу бағдарламасы тоқтайды.

Беларусьта пандемия басталғалы бері шамамен 76 мың адам коронавирус жұқтырды. Қазақстанда 107 мың адамнан, Қырғызстанда 45 мың адамнан коронавирус анықталды. Ресейде вирус жұқтырғандар бір миллионнан асып кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2570
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5475
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4800