Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4196 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 18:31

Президент Астанада мұнаралы мешіттің құрылыс орнына капсула салды

Астана. 29 маусым. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың мұнаралы мешітінің құрылысы жүргізілетін жерде естелік капсуласын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ол бір уақытта 5000 адамды сыйдыра алатын мешіттің үлгісімен танысты.

Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, рәсімге қатысушылардың алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы мешіттің бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақ Елі» монументінің жанына салынатыны тегін емес екенін жеткізді. Бұл Астанадағы керемет сәулет құрылыстарының бірі болмақ, ол еліміздің рухани байлығын, тарихының ұлылығын және халқының бірлігін ерекшелеп тұрады.

Н. Назарбаевтың ұсынысымен мұнаралы мешіт «Хазірет Сұлтан» деп аталады. Оны биіктігі 91м болатын төрт мұнара қоршап тұрады. Ғимаратта жуынатын бөлмелер, неке қиюға, Құран оқуға арналған және дәріс жүргізетін бөлмелер орналасады. Бұл алып құрылыс барлық заманауи талаптарға жауап беретін болады. Оның құрылысы жақында басталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 960
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2466
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 664
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639