Сәрсенбі, 28 Қазан 2026
Қаржы 333 0 пікір 28 Қазан, 2026 сағат 15:01

Орталық Азияның қаржы нарығы қалай өзгеруде?

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Орталық Азия аймағындағы қаржылық жүйе мен валюта нарығы геосаяси жағдайларға, сыртқы сауда динамикасына және ішкі макроэкономикалық реформаларға сәйкес белсенді өзгерістерді бастан өткеру үстінде.

Өңір елдеріндегі басты жаңалықтар мен тенденцияларды қысқаша төмендегіше түйіндеуге болады:

ҚАЗАҚСТАН: ТЕҢГЕ БАҒАМЫ МЕН ҰЛТТЫҚ БАНК САЯСАТЫ

Қазақстан Ұлттық банкі инфляциялық қысымды төмендету мақсатында қатаң ақша-несие саясатын ұстанып отыр. Базалық мөлшерлеме деңгейі ішкі нарықты тұрақтандыруға бағытталып отырғаны қуантады.

Теңге бағамы мұнай бағасы мен Ұлттық қордан трансферттерді сату көлеміне тығыз байланысты болып отырғанын да жақсы білеміз. Санкциялық шектеулерге байланысты логистикалық бағыттардың өзгеруі сыртқы сауда есеп айырысуларына ықпал етіп жатқан жайы бар.

Цифрлық валюта жобасын енгізу бойынша қанат қақтыіп келеді жобалар сәтті өтіп, мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік қаражатты транзиттеу ашықтығын қамтамасыз етуге басымдық беріліп келеді.

ӨЗБЕКСТАН: ВАЛЮТА РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ

Орталық банк банкноттық қатарды реттеп, ақша айналымын бақылауда ұстап отыр. Жақында тараған 1 млн сумдық банкнот туралы қауесеттерді Орталық банк ресми түрде жоққа шығарып, қаржылық тұрақтылықты сақтау саясатын растады.

Өзбекстанда мемлекеттік банктерді трансформациялау және шетелдік инвесторларды тартып, жекешелендіру үрдісі жалғасуда.

Валюта бағамын нарықтық сұранысқа сай белгілеу және халықаралық қаржы институттарымен (ХВФ, Дүниежүзілік банк) ынтымақтастық нығайтып жатыр.

ҚЫРҒЫЗСТАН: СОМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН АЛТЫН НАРЫҒЫ

Ұлттық банк валюта нарығындағы ауытқуларды жұмсарту мақсатында жүйелі түрде интервенциялар жасап, доллар бағамын тұрақты ұстауға күш салып келеді.

Елде алтын өндірісі мен оны ішкі резервтерге сатып алу саясаты жиынтық резервтердің өсуіне жағдай жасап отыр.

Аймақтық және халықаралық төлем жүйелерімен интеграциялану, цифрлық сомды дамыту жұмыстары жүргізілуде.

ТӘЖІКСТАН МЕН ТҮРКІМЕНСТАН: БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АҚША АУДАРЫМДАРЫ

Тәжікстан: Сомони бағамы негізінен шетелден (әсіресе Ресейден) келетін еңбек мигранттарының ақша аударымдарына тәуелді. Орталық банк ішкі нарықтағы қолма-қол шетел валютасының тапшылығын болдырмау үшін бақылауды күшейткен.

Түркіменстан: Манаттың ресми және параллель (қара базар) бағамы арасындағы айырмашылықты азайту саясаты мен мемлекеттік қаржылық монополияны сақтау үрдісі байқалады.

Жалпы аймақтық тенденция: Орталық Азия елдерінің орталық банктері долларсыздандыру (дедолларизация), ішкі валюталарға деген сенімді арттыру, өңіраралық саудада ұлттық валюталармен есеп айырысу үлесін көбейту және де-финанстық цифрландыруды жеделдету бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1249
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1755