Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5997 0 пікір 28 Желтоқсан, 2011 сағат 07:17

Омар Жәлелұлы, абайтанушы: Қазақ мемлекеттігінде аталықтардың маңызы зор болған

- Омар аға, осы жақында елімізге белгілі тарихшы Жамбыл Омаридің «Аталықтар әулеті: Арыстан, Барқы, Нияз» деген кітабы жарық көрді. Сол кітаптың тұсаукесерін өзіңіз басқарып, жүргізген едіңіз. Соған қарағанда, бұл кітап сізге жақсы таныс болар деп ой­ладық. Осы орайда, «аталықтар институты деген не?» деген сұрақ туындайды. Сондықтан да ең әуелі «аталық» дегенді түсіндіре кетсеңіз.

- Жалпы, біз бұрын «аталық» деген сөзді хандардың баласын тәрбиелейтін адам деген ұғыммен байланыста ғана қабылдап келдік. Оны да көп адам біле бермейтін. Ал мына төл мәдениетімізден ажыраған жаһандану заманында «аталық» сынды көне атауларды санада жаңғырту қиынның қиыны болайын деп тұр.

Жамбыл Омаридың айтуынша, ата­лық­тар институты сонау көне заманнан бері келе жатыр. Аталық мәртебесіне жүз­дің белді, белгілі деген рулары ие болады екен. Қазақта «Арғын болсаң алтай бол, алшын болсаң, адай бол...» деген сөз бар. Осы сөздегі руларға неге ерекше ба­сым­дық берілді екен деген сұраққа көп­тен бері жауап таппай жүр едік. Неге аға баласы арғын ішіндегі алтай атасын осын­дай деңгейге көтердік деген сұрақ көкейді тесетін.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің «Қазақ шежіресінде»: «Тышқанның да сәуірі болады деседі. Алтай арғынның сәуірі болады екен», - дейді. Біз ғылыми сөздіктерден осын­дағы «сәуір» сөзін қарап едік. Сөйтсе, «сәуір» сөзі араб тілінен аударғанда «бұқа» және «торпақ шоқжұлдызы» деген мағы­наны береді екен. Сонда арғынның мық­тысы, «бұқасы» болған алтай руынан ата­лықтар шығуына байланысты осындай мәртебеге көтерілген деген тұжырым шы­ғады. Ал аталықтар ханның қалқаны бол­ған, баласын тәрбиелеген, былайша айт­қанда, ханның бас уәзірі, кеңесшісі қыз­метін атқарған, тек сыртқы ғана емес, ішкі саясатына да, одан қала берді хан сарай­ының ішкі жұмыстарына да араласып отырған. Хан аталықтарын дипломатиялық қарым-қатынастарына да жұмсаған. Қыс­қасы, аталықтар ханның жолында ісін, күшін сарп еткен.

- Арыстан, барқы, нияздар қай хан­дардың аталығы болды екен?

- Алтайдан тарайтын сайдалы деген рудан Арыстан аталық туады. Ол кезінде Хақназар ханның аталығы болған. Одан кейін Арыстанның ұрпағы Барқы Тәуке ханның аталығы болған. Ал Барқының ұрпағы Нияз батыр Әбілмәмбет ханның аталығы екен. Сонда бұл институттың көне­лігі сондай - сонау Хақназар ханнан бас­тау алады деген сөз. Былайша айтқанда, бір әулеттен тараған аталықтар институты 300 жылдай уақытты қамтыған көрінеді. Өкінішке қарай, біз осыны әлі күнге дейін білмей келдік.

- Не себепті?

- Өйткені бізде хандық жүйе жойылды. Бізді отарлау үшін, жою үшін тарихи сананы жою керек болды. Сондықтан да хандарды алауыз, бір-бірімен қырықпышақ етіп көрсетті. Хандардың өзі тарихи сахнадан жойылып жатқанда, аталықтар тіптен жоғалды десек те болады. Қазіргі кезде ата­лықтар әулетінің жарыққа шығуы ар­қылы қазақ тарихына қан жүгіріп, жан кіре бастайды.

- Аталықтар институтына ұқсас институты бар елдер бар ма? Әлде мұндай институт бізде ғана ма?

- Мұндай институт жапондарда да бар. Оларда да императорға берілген, пат­ша үшін жанын пида ететін рулар болған. Олар император жолында өздерін құрбан­дыққа шалуға дейін барады. Сондай жанкештілік танытқан бізде осы аталықтар әуле­ті екен. Жалпы, кітаптың жарық көруі тарихымызға үлкен жаңалық әкеліп отыр.

- Еңбек, негізінен, қандай деректерге сүйеніп жазылған?

- Бізде кеңестік кезеңде тарихымыз көбіне орыстың, араб-парсының жазбаларына сүйену арқылы жазылатын. Бұл кітапта да араб-парсы жазбаларына сүйене­ді, бірақ мұнда қазақтың төл шежіресі мен ауыз әдебиетіндегі деректер бірінші орын­ға қойылған.

Қазақ тарихының да өзіндік дәстүрі бар. Ол түрік шежіресін жазған сонау Әбіл­ғазыдан, Қадырғали Жалайридан бастау алып, Мәшһүрдің шежіресімен жал­ғасын табады. Міне, осылардың еңбе­гі, яғни ше­жі­ре мен ауыз әдебиетке негіз­делген тарих қазақтың дәстүрлі тарихы атанды. Сол дәстүрлі тарихтың ең соңғы өкілі Ермахан Бекмаханов еді. Бекмаха­нов репрессияға ұшырағаннан кейін қазақ­тың дәстүрлі тарихы тоқтап қалып еді. Енді сол үзіліп қал­ған желіні Жамбыл аға­мыз жалғастырды десе де болады. Бұл кітап­тың тағы бір құн­дылығы осында.

- Бұл аталықтардың ұрпағы қай жерде қоныс тепкен?

- Барқының әулеті Түркістан мен Ташкенттің маңайында қоныс тепкен екен. Кейін шекара бөліскенде олардың біраз бөлігі Өзбекстан территориясында қалып, олардың ішінде өзбек болып жазылып кеткендері де бар көрінеді. Кітаптың тұсау­кесеріне бұл аталықтар әулеті де келді. Кітап шыққаннан кейін олардың санасында үлкен өзгерістер пайда болып, өздерінің тегін танып, қазақтыққа қайта оралып жатқан жайы бар. Бұл кітап тек бір әулетті ғана айтып қоймайды, қаншама тарихты қамтиды. Қазақтың басын құрауға үлкен септігін тигізіп жатыр.

Автор: Салтан СӘКЕН

http://alashainasy.kz/culture/30070/

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3626