Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3078 0 пікір 29 Желтоқсан, 2011 сағат 06:20

Айнақұл Иманасов. Оралманманға тиіскенің – қазаққа тиіскенің!

Өйткені, оралман дегеніміз - қазақ. Бірақ, мұны біздің жоғары лауазымды шенеунік білгісі де, түсінгісі де келмейді. Дардай лауазымы бар Ермұхамет Ертісбаевты айтам. Қазақстан Президентінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі «Интерфакс- Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында Жаңаөзендегі дүрбелеңге қатысты: «Жаңаөзендегі оқиғалардың негізгі ұйымдастырушысы ретінде Түркіменстаннан, Өзбекстаннан келген, жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған адамдар шықты. Олар әлі қазақстандық менталитетке кіріп үлгерген жоқ».- деп бөседі. Бұл біріншіден жала, екіншіден, бір қазақты оралман және жергілікті деп бөлу. Кезінде патшалық Ресейдің алашқа қолданған ең бір суайт тәсілі. Дәл осы әдісті Ермұхамет мырза әлдекімдердің айтақтауымен өз халқына қолданып отыр. Осы сөзді оқып-тоқығаны аздау, тарихтан мақұрым бір қарапайым адам айтса, қатты өкініш білдірмеген болар едім. Алайда, мұны Елбасының саяси кеңесшісінің айтуы үлкен саяси қателік және опасыздық деп бағалаймын.

Әрине, алаштың көбейгені белгілі бір топтарға ұнамасы айдан анық . Өткендегі сайлауда 67 пайыз болдық деп бөркімізді аспанға лақтыра бергенімізде, биліктегілер тез арада ойларынан айнып 63 пайызға бір-ақ сырғытты. Өзіңіз ойлап қараңыз, негізі өзге ұлттардан құралған миллиардер байларға қазақтың көбейгені тиімді ме? Санымыз артқан сайын олардың тынысы тарыла түседі. «Көп қорқытады, терең батырады» деген дана халқымыз. Олардың жиған-тергенін бір күн болмаса бір күні даулайтынымыз анық. Өйткені,ешкімнің әкесінен қалған байлық жоқ. Оның барлығы ата-бабаларымыздың ұрпағына тастап кеткен аманаты. Сондықтан, олар өзінің арам ойларын осындай жоғары лауазымды шенеуніктердің аузымен айтқызуға барын салуда. Ойлан, Ертісбаев мырза! Туған халқын сатқандар ешқашан опа таппағанына қарт тарих куә!

Екіншіден, заң да сізді қаралайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 164 бабының 1 және 3 тармақшасысына сай жала жапқан болып есептелесіз. Бұл үшін қанша жылға кесетінін білгіңіз келсе, кодексте ашып оқысаңыз жетіп жатыр. Бұған сауатыңыз жетіп артылатынына күмәнім жоқ.

Үшіншішен, бұл әрекетіңізді шариғат та қатты айыптайды. Есіміңіз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) құрметіне қойылғанына еш шүбәм жоқ. Атаңыз, әкеңіз не басқа туысқандарыңыз жақсылықпен ырымдап қойған болар, сірә. Бірақ, сіздің өз халқына тас ататыныңыз олардың үш ұйықтаса түсіне кірмеген болар. Өзіңізді мұсылман санайтындығыңызға да күмәнім жоқ. Әрбір өзін мұсылман санайтын адам Құран мен хадиске имандай сеніп, мүмкіндігінше амал етуі шарт. Олай болса Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жалақор туралы былай деген-ді:

«Бір адам бір мұсылманның істемеген нәрсесін істеді деп жала жапса, ақыретте жала жабылған адам жала жабушыны кешіргенге дейін Алла тағала оны тозақ та жағады (Әбу Дәуіт).

Екінші бір хадисінде:

«Бес күнәның каффараты жоқ: Аллаға серік қосу, нақақсыз адам өлтіру, мүмінге жала жабу, соғыс күні соғыстан қашу, жалған куәлік беру».

Есіңізге мынаны салғым келеді. Ислам ғалымдарының ортақ пікірінше тозақтағы ең жеңіл жаза табаныңыздан қойылған оттан миыңыз қайнайды. Екінші хадиске амал етсек, жазаңыз одан сайын ауырлай түседі. Кәффарат деген сөз айыбын өтеу деген мағынаны білдіреді. Айыбыңызды мына дүниеде өтемесеңіз, ертең кеш болады. Адамнан қорықпасаңыз да Құдайдан қорқыңыз!

«Абай-ақпарат»

0 пікір