АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді
Вашингтон Иранның бірқатар мекемелері мен адамдарына қарсы жаңа санкциялар енгізді. Олардың арасында иран балуаны Навид Афкариді өлім жазасына кескен судья да бар.
Бейсенбі күні АҚШ-тың Иран және Венесуэла бойынша арнайы өкілі Эллиотт Абрамс Сенаттың сыртқы істер бойынша комитетіндегі отырыста сөйлеп, Тегеранға қарсы сакнцияларды кеңейту туралы айтқан.
Навид Афкари екі жыл бұрын үкіметке қарсы өткен наразылық акциялар кезінде күш құрылымдары қызметкерлеріне пышақ салып өлтірді деген айыппен биыл қыркүйек айында өлім жазасына кесілген. Бұл іс әлемде резонанс туғызып, Трамп Тегеранды спортшы өмірін сақтап қалуға шақырған.
Сенаттағы тыңдау кезінде бірқатар демократтар Трамптың Иранға қарсы жасап жатқан іс-әрекетін сынады. Олар Тегеранмен 2015 жылы келісілген келісімнен шығу туралы Ақ үйдің шешімі дұрыс емес болғанын білдірген.
Демократ- сенатор Тим Кейн бұл келісімнен бас тарту — Солтүстік Кореямен осыған ұқсаған келісімге келуді қиындатады деді.
Вашингтон Тегеранмен қуатты алты державаның (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Ресей және Германия) ортасында құрылған келісімнен 2018 жылы шығып кеткен. Трамп келісім Иранда ядролық қарудың пайда болуының алдын алмай отырғанын мәлімдеп, Тегеранға қарсы жаңа санкциялар енгізген.
Abai.kz