Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3392 0 пікір 29 Желтоқсан, 2011 сағат 08:12

Жаңаөзен: оқ атқандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жаңаөзен оқиғасына қатысты мәліметтер күн сайын жаңаруда. Оқиға кезінде оқ атқан полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы Бас Прокуратура хабарлады. Прокуратура таратқан мәлімдеменің үзіндісін төменде сөзбе-сөз беріп отырмыз.

«Бас прокуратурамен 2011 жылдың 27 желтоқсанында полиция қызметкерлерімен қаруды адамдарға қарай ату нәтижесінде қаза келтіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 308 бабы 4 бөлігінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалды (Қызметтiк өкiлеттiктi қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы асыра пайдалану).

Объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында бұл іс арнайы прокурордың басшылығындағы тергеу тобымен тергелуде. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Бас прокуратурамен жүргізілудегі тергеудің жариялығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені қабылданды.

Тергеу тобының жұмысына Маңғыстау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевтың басқаруымен қоғамдық комиссия тартылды. Комиссия мүшелерінің қалалық мүрдеханаға, уақытша ұстау абақтысына келуі және қылмыстық іс бойынша ұсталған тұлғалармен кездесуі қамтамасыз етілді.

Қала тұрғындарын заңсыз ұстауға және оларға тыйым салынған тергеу әдістерін (қинау) қолдануға қатысты шағымдарды шешу мақсатында бөлек комиссия құрылды.

Оның құрамына прокуратура және басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қатар еңбек ардагерлері, қаланың ақсақалдары, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздік кезінде және одан кейін ұсталған адамдардың туыстары кірді.

Комиссия мүшелеріне қамауға алынғандардың және әкімшілік тәртіппен ұсталғандардың тізімдері ұсынылды, олармен уақытша ұстау абақтысына, әкімшілік қамауға алынғандарға арналған кабылдағышқа шығу жүзеге асырылды».

Ал, ғаламторда Жаңаөзен оқиғасы кезінде түсірілген тағы бір видео шықты. Мұнда да мылтық даусы, оқтан бас сауғалап қашқан жұрт.

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">

Youtobe-та жарияланған келесі бір видеодан Маңғыстау облысында орын алған оқиғаларға байланысты «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің басқаруымен құрылған мемлекеттік комиссияның Жаңаөзен қаласы тұрғындарымен кездесу кезінде ашына сөйлеген ананы көруге болады. Ел ішіндегі жағдай мен биліктің оған қатынасын баян еткен ананың сөзінен көп нәрсені аңдауға болады.

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354