Жұма, 11 Қыркүйек 2026
3503 0 пікір 30 Қыркүйек, 2020 сағат 12:10

Цой халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды

Шетелдердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елімізде 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша рейстерді қалпына келтіру тоқтатылады.

Бұл ұсынысты денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.

Рейстер қалпына келтірілген елдермен әуе қатынасын одан әрі арттырмау және Түркия Республикасымен арадағы рейстер санын азайту ұсынылды.

Екінші санаттағы елдерден келетіндер үшін талаптар белгіленді: термометрия, сауалнама, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы анықтама (3 тәулік бұрынғы). Анықтама болмаған жағдайда шетелден келгендер стационарда екі күнге дейін оқшауланады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1062
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2611
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 741
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 704