Бірыңғай ассоциация Qazaq kuresi брендін насихаттайды
Қазақстандық спорт әлемінде маңызды оқиға орын алды – үш Qazaq kuresi ұйымдары бір ассоциацияға біріктірілді, деп хабарлады Qazaq kuresi ассоциациясының баспасөз қызметі.
Бұл трансформация ұлттық спорттың Қазақстанда және халықаралық аренада одан әрі дамуына қуатты серпін беруді көздейді.
Бұған дейін Qazaq kuresi үш ұйымнан – әлемдік, республикалық, халықаралық федерациялардан тұратын. Бұл ұлттық біріншілікті тиімді басқару мен дамыту процесін едәуір қиындатты.
«Қайта құру ұйым қызметін орталықтандыруға, аппаратты ұстау шығындарын оңтайландыруға, қарама-қайшылықтар себебін және іс-әрекеттің бытыраңқылығын жоюға мүмкіндік береді. Сонымен бірге халықаралық аренада және Қазақстанда ауқымды міндеттерді бір ұйым шеңберінде жүзеге асыруға жағдай жасайды», – деп түсіндірді Qazaq kuresi ассоциациясының бас директоры Абат Имамбаев.
Qazaq kuresi ассоциациясы Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың ақпанында құрылды. Бүгінде ол бірыңғай орталықтандырылған ұйымға айналды. Qazaq kuresi ассоциациясының президенті – Кәрім Мәсімов.
Қазірдің өзінде қазақ күресін дамыту және насихаттау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Ғылыми-тәжірибелік базаны нығайту, білім беру бағдарламаларын іске асыру, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында «Жекпе-жек» сарайы базасында Qazaq kuresi академиясы құрылды. Ол тиісті бағдарламалар әзірлеп, кадрларды қайта даярлайды және біліктілігін арттырады, ғылыми зерттеулер жүргізіп, аймақтық және халықаралық тақырыптық форумдар өткізеді.
Ұлттық спортты насихаттау балалар спортының дамып, бұқаралық сипат алуынсыз мүмкін емес. Сондықтан мектептерде қазақ күресін дамытудың арнайы бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылды.
Қазір он елордалық мектеп базасында секциялар ашылды. Ассоциацияның «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлескен іс-қимыл жоспары жасалды. Дене шынықтыру мұғалімдері оқу семинарларына қатысып, балалар үшін чемпион балуандармен кездесулер ұйымдастырылады. Пандемияны ескере отырып, Qazaq kuresi бойынша бейне оқулықтар дайындалуда.
«Qazaq kuresi ұлттық спортының стратегиялық жарнамасы мен кеңінен таралуы Елбасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың« Рухани жағыру» бағдарламасына сәйкес келеді. Өйткені жобаның түпкі мақсаты – қазақ халқының ұлттық бірегейлігін сақтау және нығайту, қазақ күресін насихаттау арқылы халықаралық аренада Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру», – дейді А.Имамбаев.
Жаңадан құрылған Ассоциацияның алдында шешуді қажет ететін күрделі міндеттер тұр: бұл – ұлттық мәдени мұра және ұлттық біріншілік ретінде қазақ күресін дамыту, дамыту қызметін жан-жақты ақпараттық қолдау, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп оқушылары, ТжКБ, ЖОО студенттері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, арнайы мемлекеттік органдар және әскери кафедралар үшін Qazaq kuresi бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу.
Тағы бір басым бағыт – балалар мен жастар арасында бұқаралық, кәсіби спортты, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерін Qazaq kuresi (-сурдо, -тифло Qazaq kuresi) арқылы дамыту, оқу-әдістемелік және зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Түпкі мақсат – Qazaq kuresi ұлттық брендін қалыптастыру.
Атақты балуан, қазақтың тұңғыш классикалық күрестен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өзінің соңғы сұхбаттарының бірінде шашыраңқы Qazaq kuresi федерацияларын бірігуге шақырған болатын.
«Күрес – табандылық, ерік-жігер мен спортшының рухы көрінетін әмбебап спорт. Бүкіл өміріміз де күрестен тұрады. Біз оны бағалауымыз, дамытуымыз, насихаттауымыз керек. Бөлінбей, керісінше, бірігуіміз керек. Біздің күшіміз бірлікте! Мен барлық Qazaq kuresi федерацияларын біріктіру идеясын қолдаймын», – деген болатын батыр Үшкемпіров.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қазақ күресімен 120 мыңнан астам адам айналысады. Бірыңғай Qazaq Kuresi сссоциациясының құрылуымен, насихаттаудың жүйелі тәсілімен, осы спорттағы палуандар саны айтарлықтай өсетіні анық.
Abai.kz