Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2363 0 пікір 30 Қыркүйек, 2020 сағат 12:28

COVID-19: Әлемде 33,5 миллионнан астам адам ауруға шалдықты

10 ай бұрын жаңа коронавирустың қытайлық Ухань қаласында анықталған кезден бері бүкіл әлем бойынша Covid-19 инфекциясынан құрбан болғандар саны бір миллионға жетті.

Солтүстік Америкада 308 мыңнан астам адам, Оңтүстік Америкада 250 мыңға жуық адам, Еуропада 221 мың адам, Азияда – 190 мың адам қайтыс болды.

Қауіпті вирустан ең көп зардап шеккен ел – АҚШ (210 мыңдай адам), екінші орында Бразилия (142 мың адам), одан кейін тізімде Үндістан (96 мыңнан астам адам), Мексика (76 мыңнан астам адам) және Британия (42 мыңнан астам адам) тұр.

Сейсенбі күні Британияда соңғы 28 күнде ковид анықталған тағы 71 адамның өлімі тіркелген – бұл соңғы бірнеше айдың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Британияда вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны – 42 072 адам.

Өткен тәулік ішінде тағы 7143 оқиға анықталған – бұл Британиядағы жаппай тестілеу басталғаннан бері бір тәулік ішіндегі рекордтық көрсеткіш. Сарапшылар көктемде ауруға шалдыққандар санының өсімі әлдеқайда жоғары болғанын, бірақ сол кезде тестілеу көбінесе аурудың ауыр белгілері болған адамдарға ғана жүргізілгенін шамалап отыр. Британияда ковид диагнозы 439 адамнан расталған.

Пандемия басталғаннан бері, 188 елде 33,5 миллионнан астам адам ауруға шалдықты. 25 млн жуық адам жазылып шыққан, шамамен 7,5 млн адам қазіргі кезде ем қабылдап жатыр, соның ішінде 65,3 мың адам ауыр немесе өте ауыр халде жатыр.

«Өлім деңгейінің төмендейтін белгілері жоқ. Өкінішке қарай, ол вакцина пайда болмағанша сол деңгейде қалып отыратын шығар», - деп мәлім етті Би-би-си агенттігіне Мельбурн қаласындағы Тұрғындар мен жаһандық денсаулық мектебінің басшысы Нэнси Бакстер.

Еске салсақ, Англияда карантин талаптарын бұзғандарға 10 мың фунтқа дейін айыппұл салынбақ.

Abai.kz

0 пікір