Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2418 0 пікір 18 Қыркүйек, 2020 сағат 15:03

Қарт Каспий – Қазақстанның әлеуетті туристік аймағы!

Қазақстанда ішкі және сыртқы туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екені белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы «Сындарлы Қоғамдық Диалог: Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Халқына Жолдауында ұлттық экономиканы әртараптандырудың бірнеше моделін ұсынған еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздегі туризм саласына ұлттық экономиканың негізгі салаларының бірі ретінде басымдық беру керектігін айтқан.

«Еліміздегі туризмді, оның ішінде этно-туризмді, эко-туризмді дамыту маңызды. Сондықтан, бұл салаға экономиканың негізгі салаларының бірі ретінде басымдық берілуі керек. Биыл Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтеміз. Осы орайда, шетелдік туристерді көптеп тарту, оларға төл тарихымыз бен мәдениетімізді танытуымыз керек.

Қазақстанда туризм саласын дамытуға керекті барлық инфрақұрылымдарды жүзеге асыруымыз керек. Атап айтқанда, туристік аймақтарға жолдар салып, сала мамандарын даялау маңызды», - деген.

Шынтуайтына келгенде, туризм саласы ұлттық экономиканың ажырамас бір бөлігі. Тәуелсіздік жылдары тарихы һәм мәдени мұралар мен құндылықтарды әлем туристеріне таныту үшін қажетті алғышарттар жасалған. Ол үшін мәдени – тарихи, географиялық һәм климаттық жағдайлар баршылық.

Жуырда Елбасы – Тәуелсіз Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған еді. Жергілікті атқарушы орган өкілдері аймақтағы Каспий теңізі жағалауындағы арнайы туристік ХАБ-тың жұмысымен таныстырған.

Кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі туризм саласын, ішкі туризм индустриясын дамытудың маңыздылығына тоқталып, ХАБ жұмысына қатысты өз пікірін айтқан. Қазақстанның көрікті табиғаты, қасиетті жерлері мен тарихи және мәдени орындары, мыңжылдықтардан сақталып келе жатқан археологиялық ескеркіштері мен Ұлы Жібек Жолының бойындағы бірегей тарихи нысандары бар екенін айтқан Елбасы туризмнің кез келген түрін дамытуға үлкен мүмкіндіктер мен ресурстар барын айтқан.

«Бізде туризмнің кез келген саласын дамытуға мүкіндіктер бар. Мемлекеттік бағдарлама аясында арнайы зерттеулер жасалды. Туристік потенциалы жоғары аймақтар, тарихи нысандар мен туристік әлеуеті жоғары өңірлер анықталып, арнайы картасы түзілді. Солардың қатарында Алакөл, Балқаш аймақтары, Бурабай курорттық аймағы мен Түркістан облыстары бар еді. Бүгін сол қатарға Маңғыстау облысы да еніп отыр. Мемлекеттік комиссия іріктеу барысында бұл аймақтардың туристік тартымдылығына мән берген», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Каспий теңізі жағалауындағы туристік ХАБ-тың құрылысына шетелдік инвесторлар тартылған. Бұл аймақтағы туристік қызметтің барлық түрі қамтылған алғашқы отбасылық демалыс кешені болмақ.

Сондай-ақ, жиын барысында Елбасыға «Rixos» қонақ үйлер желісінің басшысы Ф.Таминдже Ақтаудағы «Rixos Water World Aktau» қонай үй кешенінің жұмысын таныстырды. Бұл өңірдегі бес жұлдызды люкс класына жататын «Rixos Water World Aktau» қонай үй кешені Каспий жағалауындағы туристік ХАБ құру жоспарының алғашқы қадамы болып отыр. Бұл туралы өз сөзінде Елбасы айтты.

«Бұл қарт Каспийдің жағасында кең көлемді халықаралық туристік ХАБ құрудың алғашқы қадамы болып отыр. Алдағы уақта бұл аймаққа тек қана отандық туристер ғана емес, шетелдік туристер де көптеп келуі керек. Сол үшін барлық жағдай жасалуы тиіс», - деді Елбасы.

Ал жоба авторлары алдағы уақытта Каспий туристік ХАБ-ының жұысына  қазақстандық һәм шетелдік салымшыларды тарту жоспарланып отырғанын жеткізді. Дәлірек айтсақ, жобаны іске асыру үшін алдағы уақта 2 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылу жоспарланған екен. Мұнымен қатар, өңірдегі туризм саласын дамыту арқылы 50 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға болатыны айтылған.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде қарт Каспийдің жағағасында ашылатын туристік аймақта жаңа жұмыс орындарының ашылуының, соған орай, халықаралық стандарт талаптарына сай білікті мамандар даярлаудың маңыздылығына тоқталған.

«Осынау Тәуелсіздік жылдарында атқарылған шаруалар аз болған жоқ. Бұрын аты-заты беймәлім Қазақстан қазір әлем елдері көз тіккен, дұниежүзі картасынан ойып тұрып орын алған әлеуетті мемлекетке айналып отыр. Біз арқа төсінде астана салдық. Бүгінгі күнде астана – Қазақстанның өзге қалалары мен облыстарының дамуының негізгі драйверіне айналды. Мен алдағы күндері қасиетті Түркістанға баруды жоспарлап отырмын. Ол Қазақстан мұсылмандарының және барша түркі елдерінің қасиетті мекені. Кешегі Қазақ хандығының ежелгі астанасы болған қарт шаһар қазір жаңаша түрленіп, туристік аймаққа айналып отыр», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаев еліміздегі туризмді дамытуға бағыттарған нақты қадамдар тек бірлі-жарым, жекелеген аймақтарға ғана қатысты емес, баршы республика экономикасының ілгерілеуіне оң серпін беретіні айтқан.

Елбасы Маңғыстау сапары барысында «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі кешенін аралаған. Аталған іс-шараға онлайн және офлайн форматтар арқылы қазақстандық һәм шетелдік инвесторлар қатысқан.

Конфеенцияға қатысқандар ішінде Таяу Шығыс, Еуропа мен Африка аймақтарында жоғарғы класты люкс қонақ үйлер кешенін дамытумен айналысатын «ACCOR» компаниясының бірінші вице-президенті Ф. Боден, «ÖG Holding» басқарма төрағасы О.Гюр, «BI Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы А.Рахымбаев, «Базис-А» КП директорлар кеңесінің төрағасы А.Беловичтар да бар.

Каспий теңізі арқылы Қазақстан 5 мемлекетпен шектесіп жатыр. Бұл аймақтың туристік әлеуетін арттыру үшін  сакралды, этно һәм эко, теңіз  жағалауы труистік базалары орналасқан. Аталған аймақта отандық және шетелдік туристерді қабылдау үшін 92 орналастыру орындары бар екен Соның ішінде, тек қана Ақтау қаласында 5 жұлдызды төрт, 4 жұлдызды екі, үш жұлдызды тоғыз және 2 жұлдызды жеті қонақ үй бар.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы «Ұлытау» халықаралық туристік форумында еліміздің туризм саласын дамытудың маңыздылығына тоқталған болатыр.

«Біз қазақтың өткені мен келешегені, бүгінін, ата-бабаларымыздың тарихы мен өр рухын туризм арқылы дәріптеуіміз керек. Сондықтан да біз осы саланы дамыту үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдадық. Ол жүзеге асыралатын болса туризм саласының Қазақстанынң ЖІӨ-дегі үлесі 8 пайыздан асатын болады.

Туризм күрделі сала. Оған білікті мамандар керек. Туризм саласындағы қызметкерлер санын 650 мың адамға жеткізу жоспарланып отыр. Сондықтан да, аталмыш сала мамандарын даярлайтын университет ашу керек», - деген еді Президент.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475