Саяси-комикс: Пашинянның аязды Астанаға сапары
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келеді.
Аталған сапар 20-21 қараша күндері өтеді деп жоспарланған. Ақорданың мәліметінше, сапар аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады деп жоспарланған.
Осыған байланысты Abai.kz оқырмандарының назарына саяси-комикс ұсынамыз. Ескерту: Мәтіндегі сөздер ойдан құрастырылды.

Сурет: chatgpt.com көмегімен жасалды.
Тоқаев: Пашинян мырза, Қазақстан мен Арменияның арасынан осы күнге дейін «ала мысық» өтпеген деп ойлаймын.
Пашинян: Вай, Тоқаев мырза! Арамызға «ала мысық» жүгірткісі келетіндер арам қатсын!

Сурет: chatgpt.com көмегімен жасалды.
Тоқаев: Ендеше, біздің елге келіңіз, сөйлесейік, ақылдасайық. Суық болса да, қараша айында Қазақстанға ат басын бұрыңыз.
Пашинян: Атпен емес, айырпланмен ұшып барсам қалай болады?
Тоқаев: Әрине, айырпланмен келіңіз. Біз осылай... алыстан орағытып сөйлейміз.
Пашинян: А-а, түсіндім-түсіндім.

Сурет: chatgpt.com көмегімен жасалды.
Тоқаев: Айтпақшы, жылы киініңіз, Астанаға «кәрі құда» қыс келіп қалды.
Пашинян: Кім кеп қалды дейсіз? Менен басқа тағы біреуді шақырып қойып па едіңіз?
Тоқаев: Жоғ-а, қыс келіп қалды деймін. Арқада қыс жамбастап алты ай жатады. Сондықтан біз оны құрметтеп «кәрі құда» дейміз.
Пашинян: Сіздің дипломатиялық тіліңіздің астарын түсіне алмай жаңылса бердім-ау. «Кәрі құданың» жайын енді ұқтым. Дәл осындай пальтомен барсам, тоңып қалмаймын ба?
Тоқаев: Тоңбайсыз. Қазақтың құшағы ыстық. Жаурасаңыз жылытып аламыз.

Сурет: chatgpt.com көмегімен жасалды.
Пашинян: Астана қарашада да қарлы екен. Жылы киінгенім жөн бопты...
ҚР Үкіметбасы: Премьер-министрді премьер-министр күтіп алуы саяси жөн-жоралғы. Қазақ еліне, тұғырлы түркі жұртына қош келдіңіз!

Сурет: chatgpt.com көмегімен жасалды.

Сурет: chatgpt.com көмегімен жасалды.
Пашинян: Арменияның жаңаша өрлеп-дәуірлеуі Алматыдан басталып, Уашиңтонда құжатталғанын біз ұмытпаймыз!
Тоқаев: Біздің мұнайдай құнды қазынамыз – астығымыз. Біздің астыққа әлемде сұраныс көп. Енді Қостанадайдың алқабынан аттанған астық Ереванның сөрелерінде ыстық нан болып тұратын болады...
Пашинян: Астанада қарашының күні қақап тұрғанымен, Ақорданың іші жылы екен. Құдай жазса, жиі келіп тұрсам қайтеді?
Тоқаев: Патша көңіліңіз білсін. Дос пейілді адамға біздің есігіміз ашық, төріміз сайлаулы!
Abai.kz