Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2457 0 пікір 13 Қазан, 2020 сағат 11:53

АШМ: Құс тұмауының шығыны азайды

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі құс тұмауының шығыны азайғанын мәлімдеді. Мәселен, алдыңғы апталарда 200-300 бас (құс тұмауының шығыны) тіркелетін болса, бүгінде 20-22 бас, 10 басқа дейін түскен.  күндер бар.

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдулданов айтуынша, өңірлерде соңғы аптада құс шығыны тіркелмеген.

"Бүгінде Қазақстанның әр өңірінде, әр елді мекенінде кез келген шығын болған тауықтың саны есепке алынып отыр. Ол ақпараттар бізде бар. Мысалы, соңғы ақпарат бойынша, СҚО-да жеке аулада 22 тауық шығыны болғаны туралы мәлімет бар. Басқа облыстардың арасында соңғы аптада құс шығыны тіркелген емес", - деді спикер жалпы ел бойынша құс өлімі туралы сұраққа берген жауабында.

Сондай-ақ Тұрсын Қаблулдановтың айтуынша, қазір елімізде құс тұмауынан шығын азайған.

"Көрсеткіш (құс тұмауы бойынша) азайып жатыр, динамика төмендеп келе жатыр. Өйткені алдыңғы апталарда 200-300 бас тіркелетін болса, қазіргі күні 20-22 бас, 10 басқа дейін түскен күндер бар. Соңғы 12 апта бойынша Павлодар облысында құс шығыны мүлдем тіркелген емес. Сол сияқты Түркістан облысында, Ақтөбе облысында 20 күндей болды, құс арасында шығын тіркелген емес. Аудандармен, тіпті елді мекендермен есептеп отырмыз. Бізде осылардың ақпаратының бәрі бар. Қай елді мекенде, қанша тауық...", - деді ол.

Оның айтуынша, құс шығыны тіркелген аймақтар бар. Бірақ оларды тексергенде құс тұмауы анықталмаған.

"Құс болғаннан кейін, әрине, шығын болады. Оның бәрі құс тұмауынан емес. Мысалы, Шымкент қаласында 245 құс шығын болған - құс тұмауы анықталған жоқ. Түркістан облысында 353 құс шығыны тіркелді - құс тұмауы емес. Ақтөбеде 25 құстың шығыны тіркелді. Олардың бәрі тексерілді - құс тұмауы емес. Осындай жағдайлармен бүгінгі күні құс тұмауы төмендеп келе жатыр. Көрсеткіштер төмен", - деп түйіндеді спикер.

Еске салайық, 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында құстардың жаппай қырылып жатқаны хабарланды. Сол кезде өңірдегі 10 елді мекен карантинге жабылған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452