Дүйсенбі, 6 Желтоқсан 2021
Саңлақ 6884 9 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 12:55

Праймеризге қатысушының адам сенбес өтірігі...

Жақында «Нұр Отан» партиясының праймеризі өтті. Партияішілік сайлаудың ережесіне сәйкес, әр мәслихаттағы сайлауалды партиялық тізімдерге кемінде 30% әйелдер және 20% 35 жасқа дейінгі жастар енуі керек болды.

Кейін праймеризге қатысушылардың қанша дауыс жинағаны белгілі болды. Рrimaries.kz сайты елорда аудандарында жоғары дауыс жинаған жастардың рейтингісін жариялаған екен.

Аталған тізімде Есіл ауданы бойынша Өмірбай Жантіл есімді қатысушы 1313 дауыспен көш бастапты. Бұл азамат ресми «Kazakh British company Gost» директорлар кеңесінің төрағасы деп көрсетілген.

Бір қызығы осы азамат праймериздің пікір сайыс алаңында өзін кәсіпқой бокстан әлем чемпионы деп таныстырған. Бұл туралы Prosports.kz сайты хабарлады.

Жантіл Өмірбайдың өзін таныстыру сәтінен видеоүзіндіні Instagram-парақшасында жариялаған Олимпиада қатысушысы Мерей Ақшалов таңданысын жасырмады.

Достар, сіз бұл адамды танисыз ба? Сіз оны ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ деп білесіз бе? Мен білмеймін. Мен біреудің білетініне күмәнданамын. Барлығы біледі, тек 4 адам - ​​кәсіпқой бокстағы қазақстандық әлем чемпионы: Геннадий Головкин, Бейбіт Шүменов, Василий Жиров және Жанат Жақиянов.

Қажырлы еңбекпен, маңдай терімен жеткен осы атаққа лайық адамдармен, Өмірбай Жантіл өзін бірдей атай ала маҚазақ кәсіпқой боксының деңгейін осындайлар түсіреді емес пе достар?, - деп жазды Ақшалов.

Жантіл Өмірбай өз айтқандай әлем чемпионы болмаса да, кәсіпқой бокста бақ сынағаны рас. 2018 жылы Ресейде екі жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен. Бірақ ол жекпе-жектерінде ешқандай да чемпиондық белбеу сарапқа салынбаған. Соған қарамастан праймеризге қатысушы еш қысылмастан өзін «әлем чемпионы» деп таныстырған.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

9 пікір