Сенбі, 23 Қараша 2024
2317 0 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 13:50

Нұр-Сұлтанда 18 адам КСРО төлқұжатымен жүр

Елорданың көші-қон полициясы КСРО төлқұжатын дер уақытында ауыстырмаған 18 азаматты анықтады. 

Сонымен қатар жасы 18-ден асқан елорданың 30 тұрғыны жеке куәлік алу үшін көші-қон қызметіне жүгінбеген.

«Мұндай тұлғаларды анықтау белгілі бір деңгейде қиындық тудырады. Өйткені, Қазақстан азаматы екендігін айқындау және одан ары жеке куәлік рәсімдеу үшін адам өзі келуі тиіс. Кеңестік төлқұжатпен жүргендігі және жеке куәлігі жоқ екендігі анықталған тұлғалардың барлығына олардың мәртебесін анықтау әрі Қазақстан азаматының құжатын рәсімдеу көмегі көрсетілді», - деді көші-қон полициясының басшысы Арман Баймұхамбет.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті мәліметінше, полицияға 1956 жылы Беларусьта алған төлқұжатын ауыстырмаған 81 жастағы әйел жүгінді. 1957 жылы тыңға келген ол сол уақыттан бері Қазақстанда тұрып жұмыс істеген. Төлқұжаты мен туу туралы куәлігін жоғалтып алуына байланысты құжаттарын рәсімдей алмаған. Елорданың көші-қон қызметінің қызметкерлері «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сәйкес азаматшаның құқықтық мәртебесін анықтап, оған жеке куәлік жасап берген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511