Ержан АШЫҚБАЕВ, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: Рогозин «Қазақстан Ресейдің жұбайы» деген жоқ
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, әрі Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев Ресейдің НАТО-дағы тұрақты өкілі Дмитрий Рогозиннің Астанада өткен Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ қауіпсіздік форумында айтқан сөзін журналистер жұртқа бұрмалап жеткізді деп жауап берді «abai. kz» ақпараттық порталының тілшісіне. «Рогозин «Қазақстан Ресейдің жұбайы» деген жоқ. «Қазақстан үйленді ме, күйеуге тиді ме» деп екіжақты пікір білдірді» дейді Ашықбаев мырза.
- Мұндағы мәселе негізінен БАҚ өкілдерінің, әсіресе «Свобода слова» газетінде қызмет жасайтын журналисттің Рогозиннің сөзін бұрмалап беруінде, - деді ол. - Егер Рогозиннің сұхбатын ден қойып тыңдасақ, онда көп нәрсе түсінікті болады. Әрбір адамның өзіндік сөз саптау тәсілі бар, ойының астарын әртүрлі теңеулермен де жеткізуі мүмкін. Ол жағынан ешкімге ештеңе айта алмаймыз. Бірақ, бұл жерде Рогозиннің аузынан «Қазақстан Ресейдің жұбайы» деген сөз шыққан емес. Қайта Рогозин өз сөздерінде «Қазақстан үйленді ме, күйеуге тиді ме» дегендей екіжақты пікір білдірді.
Алайда, астарлап сөйлейтін Ресей саясаткері Рогозин аталған форумның сыртында журналистерге қарап тұрып жария түрде «Қазақстан өз күйеуіне әркез адал әйел сияқты. Бірақ оны НАТО ашына болуға шақырып, азғырып жүр» деген еді. Қараңыз:
Дмитрий Рогозин, постоянный представитель России при НАТО:

- Бывают, например, у верной жены свои поклонники. То есть, она вот верная своему мужу, но у неё есть поклонники и они дарят ей цветы. Вот НАТО Ҁ это поклонник Казахстана. Приходит с тортиками, хочет понравиться. Они вам хотят понравиться.
Дерек көзі КТК арансы