Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2237 0 пікір 12 Наурыз, 2026 сағат 16:50

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілінің болашағы жарқын!

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумына қатысып, елдегі конституциялық өзгерістер туралы айтты.

Соның ішінде президент Тоқаев жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі туралы да сөз қозғады.

«Осы орайда қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ. Жаңа Конституция жобасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп нақты жазылған.

Бұл ретте ана тіліміз тек көркем әдебиетте ғана емес, еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласында кеңінен қолданылады. Ең маңыздысы, жастар арасында қазақша сөйлеу сәнге айналды. Басқаша айтқанда, қазақ тілінің болашағы жарқын.

Кейбіреулер тіл тағдырына алаңдаған кейіп танытып, бұл тақырыпты саяси құрал ретінде пайдаланады.

Қазақ жастары жаңашылдыққа тез бейімделе алуымен ерекшеленеді. Олар қазақша мен орысшаны қоса алғанда, үш-төрт тілді еркін меңгереді. Мұны айналамыздан күнде көріп жүрміз», - деді Тоқаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1405
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2986
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1053
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 991