Партияларды қаржыландыруға 9,2 млрд теңге жоспарланып отыр
2021 жылы Республикалық бюджеттен саяси партияларды қаржыландыруға 9,2 млрд теңге жоспарланып отыр. Бұл туралы «minber.kz» порталы жазыпты.
Саяси партиялардың Республикалық бюджеттен әр жылы қаржы алып отыратынын білесіз бе?
Иә, «Саяси партияларды қаржыландыру Ережесіне» сәйкес, Мәжіліске өткен саяси партиялар жыл сайын бюджеттен қаржы алып отырады. Келесі Парламент Мәжілісі сайлауына дейін.
Оның көлемі соңғы сайлауда алған дауыс санына қарай болады. Ережеге сәйкес, соңғы сайлауда алған әр дауысына сол жылға бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінің 3% көлемінде алады. Биылғы Ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге болса, оның 3% = 1275 теңге.
Сілтемеде 2016 жылғы Парламент Мәжілісі сайлауының қорытындысы бар: https://www.election.gov.kz/kaz/news/messages/index.php…
Сол сайлауда Мәжіліске өткен үш партияның жыл сайын қанша қаржы алып отырғанын есептеп көруді ұсынамыз.
Ескерту: Ең төменгі жалақы мөлшері жыл сайын өзгеріп тұрады. Есептеу кезінде сол жылға бекітілген мөлшерге сүйену керек.
Ал 2021 жылы Республикалық бюджеттен саяси партияларды қаржыландыруға 9,2 млрд теңге жоспарланып отыр екен.
Abai.kz