Бұдан бөлек 2 қарашада жалдамалы 20 түрік сарбазының оққа ұшқаны туралы мәлімет таратты. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Бакуге қатысты халықаралық тергеу жүргізуге шақырды.
Осыған дейін Анкара мен Баку Таулы Қарабақта Әзербайжан жағында түрік сарбаздары соғысып жатыр деген ақпаратты теріске шығарған.
2 қарашада Әзербайжан қорғаныс министрлігі Арменияны біздің аймаққа оқ атты деп айыптады. Әзербайжан президенті Илхам Әлиев егер Ереван Таулы Қарабақтан әскерін шығаратын болса, Баку соғысты тоқтатады деп мәлімдеді.
Қазан айының соңында Әзербайжан және Армения сыртқы істер министрлері Женевада кездесіп, бейбіт тұрғындар тұратын аймаққа оқ атылмайды, тұтқындар алмастырамыз деп келіскен.
Қыркүйек айының соңында Таулы Қарабақта жанжал басталғалы бері Баку мен Ереван бірнеше рет бітімге келген. Бірақ оның бірі де орындалмады. Екі тарап та бітім шартын бұзды деп бірін бірі айыптап келеді.
Abai.kz