Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 7609 2 пікір 3 Қараша, 2020 сағат 13:27

Отбасындағы зорлық-зомбылық неге көбейді?

Ақпарат құралдарында жарияланған ресми деректерге сүйенсек, биыл алғашқы 8 айда 130 мыңнан аса отбасындағы зорлық-зомбылық фактісі тіркеліпті. Бірақ кінәлілердің тек 2500-і ғана әкімшілік жазаға тартылыпты. Көпшілік жағдайда екі жақтың келісімі бойынша қылмыстық іс тергелмей, жабулы қазан жабулы қалады немесе сот мәселені сөзбұйдаға салып, нақты шешім қабылданбайды екен.

Күйеуінің үстінен шағымданған бір әйелдің арызы 9 ай бойы қаралып, қылмыскерге шара қолданылмаған. Өткен жылы күйеуінен зорлық-зомбылық көрген мыңнан аса әйел, біразы жас сәбилерімен, құқықтық қорғау орындарын паналаған. Пандемия, әсіресе төтенше жағдай кезінде, отбасындағы зорлық-зомбылық арта түскен. Қылмыс жасаған 10 адамнан тек  2-3 ғана заң алдында жауап беріпті.

Әйелдердің құқығын қорғау жайлы мемлекет қаншама заң қабылдағанына қарамастан отбасында әрбір бесінші әйел күйеуінен зорлық-зомбылық көреді екен. 2019 жылы 2480 әйел мен қыз зорлыққа ұшыраған, 742 нәзік жанды өзіне қол жұмсаған.

Қоғамымыздаға қатыгездіктің келесі бір түрі, оқушылардың арасындағы төбелес, ұрып-соғудан қайтыс болған қыршын жастар бар. Өткен жылы Түркістанда жеті жасар жасөспірімді жоғарғы сыныпта оқитын балалар бірнеше ай бойы жәбірлеген. Жәбірленушінің әжесі астанаға барып шағымданғанннан кейін ғана қылмыскерлер белгілі болып, мектеп директоры мен сынып жетекшілеріне, бұзақылардың ата-аналарына шара қолданылған. Жақында Павлодарда алты жасар ербаланы зорлаған 28 жастағы жігіт, Сәтбаев қаласында бес жасар қызға аюандық жасаған 62  жастағы қымыскер ұсталды. Алматы облысының Үштөбе қаласында 27 жасар әйел 2 жастағы баласын өлтіріп, тоңазытқшықа салып қойғаны белгіді болды. Жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне немесе көшеге тастап кетудің бес оқиғасы тіркелген тұр. Өрімдей жас қыздар төбелесіп, бір-бірінің бұрымдарынан тартып, сүйреп аса қатыгездік көрсеткені видео арқылы таратылған. Ал басына орамал тартып, бетін тұмшалап, етегі жерге сүйретілетін ұзын көйлек киген   бойжеткендердің бір бірімен төбелесуі тіптен масқара емес пе? Өткен жылы әскерде 150-ден аса әлімжеттілік оқиғасы тіркелген, мұндай қылмыс жөнінен Қазақстан алдыңғы қатардағы он елдің ішінде көрінеді. Отан алдындағы борышын атқарып қайтсын деп аттандырған азаматтың орнына мүрдесі салынған табыт алған ата-аналар да бар. 

БҰҰ-ның ресми деректеріне қарағанда, Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылықтан шамамен 400-ден астам адам қайтыс болыпты. Қатыгездік пен жауыздық, жантүршігерлік оқиғалар қалыпты жағдайға айналып барады. 50-ден аса елде зорлық-зомбылық жасағандарға, соның ішінде Францияда 20 жылдан аса қамау жазасы кесіледі екен. Жақында рахымшылық жасау мақсатымен қатал жазаны мүлде алып тастау жөнінде Президент ұсыныс жасады.

Күнделікті тұрмыс ауыртпалығынан, баспана болмауынан, жарқын болашақтан үмітсіздіктен, ұлттық сана-сезімнің құлдырауынан қаншама жастар отбасын құра алмай жүр, некелескендерінің үштен біріне жуығы  ажырасып тынуда. Кезінде Бейсен Құралбек жүргізген «Қарекет» бағдарламасында ер азаматтарды былай қойғанда, екі үш баласын тастап, жеңіл жүріске салынған әйелдер жайлы да айтылған еді. Өткен жылғы мәліметтерге қарағанда үш мыңға жуық кәмелетке толмаған қыздар екіқабат болған, оның көпшілігі ұлтымыз шоғырланған қазіргі Түркістан облысынан,  мыңнан аса оқушы қыздар түсік жасатқан. 

Түрмыстағы зорлық-зомбылық, қатыгездік пен әлімжеттіліктің басты себептері - әлеуметтік тұрақсыздық, жұмыссыздық, ғаламтор арқылы  таратылатын ақпараттар және т.б. екені белгілі. Мен оларға соңғы кезде  көгілдір экраннан көрсетіліп жатқан отандық телесериалдарды қосар едім. Бұрынғы Ақпарат министрі Дәурен Абаевтың мәліметі бойынша, 2019 жылы әртүрлі жанрда түсірілген 40-тан аса сериал көрерменге ұсынылыпты. Олардың негізгі мақсаты - ұлтымыздың салт-дәстүріне, тарихына назар аудару, отбасылық құндылықтар мен береке-бірлікті насихаттау, халқымыздың бай  тарихы мен дәстүрін көрсету. Өкінішке орай осы мақсатты отандық телесериалдар атқара алмай отырғанына сенімдімін. Ең бастысы олардың көпшілігі өзекті тақырып, нарықтық заманға байланысты қалыптасып жатқан қоғамның шынайылығы ретінде зорлық зомбылықты, екіжүзділік пен сатқындықты, қатыгездік пен тағылықты насихаттайды. Тұжырымым дәлелді болу үшін соңғы жылы көпшілік көрерменге ұсынылып, Қазақстан арнасынан көрсетілген «Өсиет», «Әулет ары», «Иірім, Ана қадірі», «Айнымас Айғаным»   телехикаяларынан мысал келтірейін.  

«Өсиет» деп аталатын телесериалдың басты кейіпкерлері жасы алпыстан асқан банкир Сабыржан, оның үш қызы мен күйеубалалары. Аяқ астынан қарттың денсаулығы сыр беріп, жағдайы нашарлағанын естіген қыздары әкесінің үйіне жиналады. Ол айықпас дертке шалдыққанын айтып, дүние-мүлкіме ие болғыларың келсе, жекежайға көшіп келесіңдер, бірге тұрамыз» - деп талап қояды. Үлкен күйеу баласы Дастан бірге қызмет істейтін көңілдесінің үйіне жиі барып тұрады, ол: «әйеліңнен қашан ажырасатын болдың»?- деп, екіқабат екенін айтады. Атасының байлығын иемденудің жолын іздеп, бажасы Талғатпен ақылдасады, бірақ ол сатқындыққа бармайтынын айтады. Сабыржан Дастанның іс әрекетіне қатты ашуланады, екі күйеубаласы Талғат пен Артур оны қолтығынан сүйреп алдына әкеледі.  Қайынатасы қызметтен және отбасынан қуылғанын, енді банкті ортаншы күйеубаласы басқаратынын мәлімдейді. Көңілі жабырқаған Дастан кафеде   араққа сылқия тояды, даяшы жігітке буда-буда ақша ұсынады. Осы кезде үш қыз әкесінің үйінде бас қосып, татуласайық, өмірде қиыншылықтар кездессе бір-бірімізден көмегімізді аямалық деп құшақтасып, мәз мәйрем болып отырған еді. Дастанның көлік апатына түсіп, мерт болғаны жайлы суық хабар жетеді. Зәуреш әкесіне жүгіріп келіп: «Бәріне сен кіналы, сенің кесіріңнен күйеуіммен ажырастым, ол жол апатынан қайтыс болды» - деп жылайды.

Телесериал сюжеті осылай өрбиді. Мүмкін нарықтық заманға байланысты байлық бәрін билеп, отбасы құндылықтарын елемей, көлеңкелі табысқа кенелу, сатқындық жасау, азғындық жолға түсу қоғамымыздың рухани құлдырауын сипаттайтын шығар. Дегенмен телехикая сюжетінің шынайылығы, әртістердің рөлдерді сомдау шеберлігі жағынан сын көтермейді. Мәселен Дастанның көңілдесінің төсегінде шолжиып жатуы, кіші қызы Ажардың әкесіне дәрі орнына у сатып алуы, сыныптас бойдақ жігіттің үйінде қонып қалуы, апалы-сіңлілердің бір бірімен шаңқылдасып ұрсысуы, тіптен төбелеске дейін баруы, Сабыржанның отбасымен араласып жүрген әйелдің баласына ол сенің әкең еді деп алдауы және т.с.с. эпизодтар.

Жақында көрсетілген «Қанатсыз құстар 2» телехикаясы да көңіл көншітпейді. негізгі сюжеті кәсіпкер Сәбит Ниязұлы, оның баласы Арман мен немересі  Нұрәлінің айналасында өрбиді. Араққа сылқия тойған Арман әйелі Шолпанды ұрып соғады. «Мына түріңмен далаға шыға қоймассың, неге үйіңнен қайтып келдің, ұрғанымды әкем мен балам білсін - деп жылап отырсың ба»? – дейді. Шолпан: «Құдай үшін мені жайыма қалдыршы, балам үшін келіп отырмын, әйтпесе сенің бет жүзіңді көрмес едім, екі адамды өлтірдің, әкең сені құтқарып басқа адамды түрмеге отырғызды» - дейді. Әкесі кетіп бара жатқан Арманға қатал үнмен: Неге кәсібіңмен айналыпайсың, қайда бара жатырсың, тағы да арақ ішуге ме?- дейді. Арман «маған ақыл үйретпей ақ қой» - деп жиі барып тұратын көңілдесі жас қыз Азидаға кетеді. Ол екіқабат болып бала тапқан. Арман Азидаға: «мен келгенде қызыңды көрсетуші болма, қайда жібереріңді өзің білесің, көрмейтін болайын» - деп шарт қояды. Көңілдесінің шаруасын бітіріп шығарып салған Азида сәбиіне: «әкеңді ашуландырма, ол бізге ылғи ақша әкеледі» - деп жұбатқандай болады. 

Сәбит келіні Шолпанға: «Немерем қайда, екеуміз ғана шошайып отырамыз ба? Байлық жетеді, ертеңгі күні соған Нұрәлі ие болмай ма, Арманнан мүлде күдер үздім, ол ер емес ез болды ғой» - дейді. Нұрәлі әкесіне тартпаған, мішезі мүлде бөлек, мейірімді, қарапайым, атасының байлығына қарамастан өз күнін өзі көруге тырысады. Жеке автокөлігімен жолаушы тасып, тиын тебен табады. Бірде Ұлпан деген қызбен танысады, шешесі қайтыс болып, әкесімен тұрады екен, кейін соған үйленеді. Ұлпан әкесінің үйіне жиі келіп, көмектесіп тұрады. Басында ол араққа біраз салынғанымен қызын тыңдап ішімдікті мүлде қояды. Дәрігерлер: «жүрегің дімкәс, бала көтеруге болмайды» - деп ескертуіне қарамастан екіқабат болып, босану кезінде  Ұлпан қайтыс болады. Сүйген жарынан айрылған Нұрәлі қатты қайғырып, оның өліміне нәресте кіналы болғандай, «маған көрсетуші болмаңдар» деп азар да безер болады.

Әлі де көрсетіліп жатқан «Айнымас Айғаным» телесериалына келсек басты кейіпкер күйеуі қайтыс болып, үш қызымен қалған, мектеп асханасында істейтін жесір әйел. Арасында директордың қызмет бөлмесін тазалап, еденін жуады. Мектепте оқитын кішірек екі қызы көшеден тастанды нәрестені тауып алып, үйіне әкеледі. Шешесі хабарлағаннан кейін келген полиция қыздардан: «Нәрестені қайдан тауып алдыңдар деген сұраққа олар біресе көшеде  қоқыс жәшігінің қасынан, біресе ауыл сыртынан тауып алдық» - деп екіұшты жауап береді. Дәрігерлер тастанды баланың денсаулығын тексеріп алып кетеді,   жетімдер үйіне орналастырғаны белгілі болады. Екі қыздың үйде де, мектепке бара жатқандағы айтатыны баланы өздері алып тәрбиелеу, атын Ақжол деп қояды, шешесін көндіреді. Айғанымның жоғарғы сыныпта оқитын үлкен қызы Жазира: «Үшеуізді әрең бағып жүргенде төртінші баланы не істемексіңдер» - деп қарсы болады. Жеңіл мінезділеу қыз өзінен үлкен жігітпен кездесіп жүреді, мотоциклмен серуендейміз деп жол апатына ұшырайды, жеңіл жарақат алады. Сыныптасы келіп «Сен бұл қызға жолаушы болма» деп онымен төбелесіп, таяқ жейді

Айғанымның ержетін қалған ортаншы қызы Дариға да мектепте тыныш жүрмейді. Бірде сыныптас құрбысымен төбелесіп, бұрымынан сүйрейді. Ербалаларды ұйымдастырып сыныпқа жаңадан келген баланы тәлкекке салады. Бұзақылығы үшін мектеп директоры сынып жетекшісі Дастан екеуін  шақырып, қатаң ескерту жасайды. Айғаным қызының тәртіпсіздігі үшін одан кешірім сұрайды, осылай танысып, кейін Дастан үйленбек болады. Сол мектепте істейтін оның шешесі: Жесір әйелді алып, оның үш бірдей қызын бақпақсың ба- деп баласына үзілді кесілді қарсы болып, Айғанымға ұлымнан аулақ жүр»- деп қатаң ескертеді. Толық отбасы болмағандықтан мекеме Айғанымның тастанды баланы алу жайлы өтінішін қанағаттандырмайды. Нағашысы автокөлік жөндеумен айналысатын жас жігітпен таныстырады, екеуі кездесе бастайды. Оның әйелі күйеуіне: «Бұған сонда төрт бірдей бөтен баланы асыратпақсың ба» деп қарсы болады. Айғанымның ойы толық отбасы ретінде Ақжолды тәрбиеге алу. 

Жазираның сыныптас құрбылары түнгі клубқа барып, көңіл көтермек болады. Сонда ербалалар ересек жігіттермен төбелесіп қалады да, солардың біреуі Жазираға жармасып, оны қараңғы бұрышқа апарып, жылап сықтағанына қарсылық көрсеткеніне қарамастан зорлайды. Қасындағы жолдас қызы  жігітіне хабарлайды, ол Жазираны үйіне ертіп келіп, болған жағдайды шешесіне айтып береді. Айғаным қыздарына дұрыс тәлім-тәрбие бере алмағанына қатты өкінеді. 

Шынайылығы күмән келтіретін телехикая оқиғалары осылай өрбиді. Осы орайда соғыс кезінде жетім қалған жасөспірімдерді қаза болған әкелерін жоқтатпай тәрбилеген ер аналарымыз еріксіз еске түседі. 

Бір сөзбен айтқанда «қой дейтін қожа, ай дейтін ажа» жоқ, тәрбиелік мәні, шынайылығы мен әртістердің ойнау шеберлігі көңіл көншітпейтін     сериалдар көгілдір экранда көпшілікке көрсетіліп жатыр. Осы орайда осыдан бір ғасырдай бұрын Әлихан Бекейхановтың: «Өз тізгініңді өзің алып жүре алмай, шатақ даудан шықпай ақ қойдың, бір екі ауруың бар ғой қазағым. Қылығыңды көріп ішім күйеді» деп жазғанын еске алу орынды сияқты. 

Отандық телесериалдардың көпшілігінің сюжетінің тартымдылығы мен  шынайылығы, әртістердің рөлдерді ойнау шеберлігі қанағаттандырмайтындықтан көбінесе қазақ тіліне аударылып, дубляж жасалған Түркия, Корея, Малайзия, Жапония елдерінің туындыларын көруге тура келеді. Кәріс пен жапон фильмдерінде үлкенді силау, құрметтеп, тағзым ету сияқты ұлттық дәстүрлер қатаң сақталатыны, қыз бен жігіт арасындағы махаббат пен сүйіспеншілік көріністері шектен шықпайтыны байқалады. Анда санда көрсетілетін өзбек сериалдарында да ұлттың қалыптасқан әдет-ғұрпы сақталады, біздегідей аса өрескелдік жоқ...

Мұрат Қойшыбаев

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5237