Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 35338 0 пікір 23 Қаңтар, 2012 сағат 06:00

Ататүріктің түркі әлеміне сіңірген еңбегі қандай?

1. Ататүрікті әлемдік деңгейдегі ірі саясаткерлердің қатарына қосқан басты қасиеттері қандай?
2. Ататүріктің қай кезеңдегі қандай саяси шешімдерін жоғары бағалайсыз?
3. Ататүріктің түркі әлеміне сіңірген еңбегі қандай?
Біздің Елордадағы тілшіміз осы үш сұрақты философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтайға (суретте) қоя отырып төмендегідей жауап алды. «Ататүрік Ұлттық мемлекетті білмейтін, діни феодалдық, таптық  негізде қаланған Осман империясының күлінен Түрік ұлтының  мәдениеті мен рухани құндылықтарына негізделген біртұтас унитарлық, ұлттық мемлекеттің негізін жасады», - дейді Бұлұтай мырза.

Ататүрік - халыққа ұлттық сана берді

1. Ататүрікті әлемдік деңгейдегі ірі саясаткерлердің қатарына қосқан басты қасиеттері қандай?
2. Ататүріктің қай кезеңдегі қандай саяси шешімдерін жоғары бағалайсыз?
3. Ататүріктің түркі әлеміне сіңірген еңбегі қандай?
Біздің Елордадағы тілшіміз осы үш сұрақты философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтайға (суретте) қоя отырып төмендегідей жауап алды. «Ататүрік Ұлттық мемлекетті білмейтін, діни феодалдық, таптық  негізде қаланған Осман империясының күлінен Түрік ұлтының  мәдениеті мен рухани құндылықтарына негізделген біртұтас унитарлық, ұлттық мемлекеттің негізін жасады», - дейді Бұлұтай мырза.

Ататүрік - халыққа ұлттық сана берді

1.Мұстафа Кемал Ататүрік - 623 жыл өмір сүрген әйгілі Осман патшалығы бөлшектеніп, ыдырап, құлаған шақта тарих сахнасына келген кемеңгер, дана, ойшыл, мемлекет қайраткері. Еуропа, Африка және Азия құрлықтарын бағындырған Осман империясы ХVІІ ғасырдан бастап тоқырап, аяғында замананың талабынан артта қалып, алыс аймақтарынан айырылды. Соңында кішкентай ғана, осы күнгі Түркияның жері қалды. Бірінші дүниежүзілік соғыста бұл ел немістермен бірге соғысып, Батыс одағы немістерді жеңгеннен кейін, Осман империясы да жеңілген болып саналды. Сонда Түркияның жерін ағылшын, Француз, Итальян және Гректер жаулап  алды. Мұстафа Кемал - Осман империясының күйреуі мен оның қалай құлағанын, оған жасалған қастандықтарды өз көзімен көрді. Өмірінің 12-13 жылын үздіксіз майдан даласында жауған оқтың астында өткізген батыр. Түркияның айналасы түгел қоршалып, Таяу шығыстағы Ирак аумағы, қазіргі Мекке Медине қалалары 1915-1918 жылдары Палестина, Сирия аймақтары жауға кетті. Түркияның, Анкараның айналасындағы кішкентай шағын аймақтан басқа  жері түгелге жуық жау қолында болатын. Бір шетінен Кавказдан орыстар мен армияндар басып кірді. Патша әулеті және биліктегілер жаулаушы күштерге бағынып, аяғында Мұстафа Кемалдың өзін халық жауы етіп шығарған. Дін қызметкерлері халыққа «Мұстафа Кемалға көмектеспеңдер» деп, тіпті, оны ату жазасына да бұйырған. Сондай жағдайда ешбір қолдаушысы да қаржылай мүмкіндігі де жоқ ол халыққа ғана сеніп, жоғары лауазымы мен әскери қызметін тастап, Отанын қорғау, елін азат ету жолында жанын шүберекке түйіп, ұлт-азаттық күресті бастады. Ол кезде Мұстафаға қаншама қастандықтар мен қиянаттар жасалды. Соның барлығынан аман-есен өтіп, Анкараға келіп, мемлекеттің негізін қалап, жауларды Түркияның жерінен тазартты. Әскери адам болса да, жаңа мемлекетті заманауи, зайырлы, өркениетті, ұлттық мемлекет ретінде қалады. Ататүріктің идеялары осы күннің өзінде әлі күшін жоймай келеді. Әуел баста мемлекеттің негізін дұрыс қалағандықтан болар, жасаған реформалары мен еңбектері бүгінде Түркияны әлемде экономикасы дамыған, мәдениеті жоғары, мұсылман ел деңгейіне жеткізді. Ұлттық мемлекетті білмейтін, діни феодалдық, таптық  негізде қаланған Осман империясының күлінен Түрік ұлтының  мәдениеті мен рухани құндылықтарына негізделген біртұтас унитарлық, ұлттық мемлекеттің негізін жасады.
Оның айналасында тілшілер, фольклортанушылар, тарихшылар көп болған. Түртіп, жазып қойған кітаптарының өзі 4 мыңнан асқан.

Ол бау-бақшасын жетім балаларға қалдырып кетті

2. Ататүрік бұрынғы Осман империясының кезіндегі білім, экономика, хұқық т.б барлық жүйені ауыстырды. Бұрынғыдан ешнарсе қалмады десек те болады. Бірақ бұл қырып жою, құрту емес. Өміршеңдігі жоқ, мемлекетке, халыққа, пайдасы жоқ  жүйелерді көре отырып, қазіргі заманның талабына сай құқықтық реформалар жасауды бастады. Құлдық және феодалдық жүйедегі заңдар мен шариғат заңдарының күшін жойып, орнына қазіргі зайырлы, демократиялық билікті алып келді. Әйелдерге кең және тең құқық берді. Бұрын әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы, білім алуы, жұмыс істеуі, шектеулі болса, Ататүріктің кезінде әйел қауымын жаппай сауаттандыру, оқыту, әлеуметтік мәселелерге араластыру, мемлекет қызметіне келтіру ісі қолға алынды. Мемлекеттегі күнтізбе жасаудан бастап, жаңаша киіну үлгілерін енгізді. Ататүрік бүкіл Түркияда тың игеру, яғни егіншілік науқанын бастап, ауыл шаруашылығына қатты көңіл бөлген. Себебі, Осман империясы тіс шұқитын шырпыға дейін шетелден сатып алатын. Сондай жағдайда ине түгілі, жіп өндіре алмайтын, ешбір өндірістік күші жоқ мемлекетте Ататүрік көптеген жаңа өндіріс орындарын, бірнеше ұшақ жасайтын зауыттар, қант және тоқыма зауыттарын ашты. Ол халыққа ішкі тауарларды өндіру және соны тұтынуды үйретті. Мұстафа Кемал билікте отырған жылдары Түркияда сегіз мың шақырым темір жол салынды. Ал ол дүниеден озғаннан кейінгі 74 жылда Түркияда бар жоғы 800 шақырым ғана темір жол салынған. Халыққа ұлттық сана берді. Осман империясының уақытында түрік ұлтының тарихы, тілі елеусіз қалған. Ататүрік билікке келген бойда бірнеше рет реформа жасап, негізін қалаған екі мекеме бар.  Бірі «Түрік тілі» ұйымы, екіншісі «Түрік тарихы» ұйымы. «Түрік тілі» ұйымы ішінде парсы, араб сөздері әбден араласып кеткен, халық түсінбейтін, оқи алмайтын тілдің орнына таза түркі негіздегі сөздерді жаздыра отырып, тілді тазалау және сауаттандырумен шұғылданды. «Түрік тарихы» ұйымы түрік тарихын ұлттық тұрғыдан жазуды қолға алды. Тек оқымысты адамдар ғана түсінетін Османның  құрама тілі болған. Өзара түрік тілінде ғана сөйлесетіндіктен, ол құрама тілді қарапайым жұрт түсінбейтін. Міне, Ататүрік түрік  тілін мемлекет деңгейіне көтеріп кетті. Ол кісі билікке келгенде Түркияда бар жоғы 11 млн ғана халық болған. 1927 жылғы санақта 13 миллион, биліктен кеткенде 15-16 миллион халық болды. Халқының саны аз болса да, бүкіл әлем Ататүрікті мойындаған. Сол кездегі Кеңес Одағы, Еуропа елдері, АҚШ болсын оның пікіріне, саясатына ерекше мән беріп, онымен тату болуға әрекет жасаған. Ататүрік дүниеден озғанда өзімен байлық алып кеткен жоқ. Өз кіндігінен туған бала болмағанымен, асырап алған рухани балалары болды. Банкте азғантай жарнасы мен бір-екі бау- бақшасын, біраз мүліктерін «Түрік тілі» мен «Түрік тарихы» ұйымына, рухани балалары мен бір-екі достарының балаларының оқу шығындарына, сосын біраз жетім балаларға қалдырып кеттті.
Осман империясының кезінде мынадай нақыл сөз пайда болған «Мемлекеттің байлығы - теңіз, жемеген оны доңыз». Османның тұсында жең ұшынан жалғасқан жемқорлық белең алып, мұсылман емес халықтардың саудагерлері мен өкілдері, отарлаушы күштер, мемлекеттің байлығын талан-таражға салды, Еуропа елдерінің алдындағы қарыз еселене өсіп, мемлекет 100 миллиондаған  қарызға батты. Мұстафа Кемал  қарызға батқан сондай елді қабылдаған соң, сыртқы қарыздарды да қайтарды. Дін саласында бүкіл елдегі суфизм тариқаттарына, барлық керітартпа діни ағымдарға тиым салды. Дегенмен Ататүрік Ислам дінін халыққа түсіндіруде үлкен ерлік жасады десек болады. Оның тапсырмасымен белгілі ғалым, муфти Мұхаммед Хамди бірінші рет Құранды түрікшеге аударған. Бұхаридің хадис жинағын Ататүрік оған аудартқызып, екеуін 10 мың данадан өз қаражатымен шығарып таратқан! Ататүрік Греция сынды мемлекеттермен келісім-шарт жасап, Түркиядағы мұсылман емес тұрғындарды сол елдерге көшірген. Ал сол елдердегі өзінің осман империясынан қалған мұсылмандар мен түрік халықтарын Түркияға әкеліп қоныстандырған. Ол кісі кезінде 1 млн 800 мың христианды, әсіресе гректер мен армяндарды Грецияға және басқа елдерге жіберген де, оның есесіне Балқан елдерінен, Кавказдан босқын мұсылмандарды әкеліп Түркияға орналастырған. Қазір Түркия халқының 99 пайыз мұсылман болып отыруы да Ататүріктің еңбегі.

«Тіл, мәдениет - көпір. Біз сол көпірді құлатып алмауымыз керек»

3. Қазан Төңкерісі кезінде Кеңес одағынан қашып келген қазақ, өзбек, әзірбайжан, башқұрт, қырым мен қазан татарларының арасынан шыққан  ғалымдар Ахмет-Заки́ Вали́дов, Мұстафа Шоқай, Тахир Шағатай секілді  ірі ғалымдарды айналасына жинады. Ататүрік түрік бірлігі идеясына қатты сенген адам. Ол кезде бірқатар түркі тілдес елдер Кеңес одағының қол астында болғандықтан, көп кіріге алмаса да, Шығыс Түркістандағы, Әзірбайжан, Ауғанстан, Ирак, Иран Түркістан аймағындағы түркі жұрттарының балаларын Түркияға шақыртып, оқытқан. Ататүріктің 1927 жылы Парламент мінберінде тұрып: «Біздің көршіміз, Кеңестер одағы күндердің күні құлайды. Бірақ ол жерде біздің ағайындарымыз, қандас бауырларымыз бар. Біз солармен байланысты үзбеуіміз керек. Біз соған дайын болуымыз керек. Тіл деген бір көпір, тарих бір көпір, мәдениет деген көпір, осы көпірлерді құлатпауымыз керек. Сол бауырларымызбен біз өте жақын қарым-қатынаста болуымыз керек» деп айтқаны бар.
Ол кезде Батыс Түркістан мен Кавказ аймағы Кеңес одағының құрамында кетті. Шығыс Түркістанды Қытай басып алған соң, әлемдегі Түркі халықтарының ішінде жалғыз түркі тілді, тәуелсіз мемлекет осы Түркия болған. Ататүрік өмірден өткенімен, түркі халықына деген қамқорлығы оның идеялары негізінде жүзеге асырылды. 1953 жылы Қытайдың Алтайынан барған қазақ босқындарын үш жыл тегін бағып, оларға жатақханадан орын тауып, қалтасынан ақша беріп, тіл үйретіп, жағдайын жасаған Түркия дәл осы Ататүрік салған сара жолды ұстанды ғой.
Ататүрік бір сөзінде «Біздің бүкіл бауырластарымыз Түркияға жиналсын» депті. Сөйтіп түркітілдестердің бәріне есік ашты. Тахсин Маятепек деген кісіні Мексикадағы көне үндіс халықтарының, байырғы тұрғындарының тілін, тарихын зерттеу үшін елші етіп жіберген. Әсіресе жастарға қатты көңіл бөлген. 23 - Сәуір күнін  Балалар мерекесі етіп бекітіп, оқушыларға демалыс күнін жариялаған. 19 - мамырды Жастар мерекесі деп жариялаған. «Республиканың негізін біз қаладық. Ал оны көркейтетін, дамытатын жастар» деп жастарға өсиетін қалдырған. Өмірінің соңғы күндерінде бірнеше ота жасалып, қиналып ес-түссіз күйінде Стамбулдағы теңіз жағасындағы Долмабақша сарайында жатқан. Сол жерге жастар қайықпен келіп  «Ғазы паша көп жаса!» деп айқайлайды екен.  «Ғазы дегені ардагер, паша деген әскердің бастығы, яғни «Ардагер қолбасы көп жасаңыз!» дегені ғой. Әл үстінде жатқан адам, тұруға, сөйлеуге шама жоқ болса да, жастардың дауысын естіп, орнынан тұрып балконға дейін барған екен. Жанындағы адамдары, дәрігерлер таң қалған. Балконға келіп, теңіздің бұғазында бірнеше қайықпен келіп айқайлап тұрған жастарға қарап тұрыпты, бірақ сөйлеуге ешқандай мүмкіндік жоқ болған соң, қайта келіп өз орнына жатқан. Одан кейін ешбір тілге келмей, тұра алмай өмірден өткен. Бұл кісі өмірінің соңғы кезінде көп ауырған.    Оның өлімінің уақыты да назар аударарлық. 1938 жылы Ататүрік қайтыс болды, арада 1,5 жыл өткенде 1939 жылы Гитлер Екінші Дүниежүзілік соғысты бастады. Соғыс біте салысымыен 1948 жылы Израиль мемлекеті пайда болады. Мұстафадай ертүрікке қастандық жасалуы да мүмкін.Себебі Ататүрік осының бәріне  қарсы болған еді.
Бір өкініштісі, Қазақстанда Ататүріктің өмірі мен еңбектері, дүниетанымы көп насихатталып жатқан жоқ. Ескерткіш Астанада ашылды, бір көшеге атын берді.  Жалпы  түркі жұртының  көрнекі тұлғасы, патриоты ретінде дәріптеуге, жас ұрпаққа үлгі ретінде айтуға тұрарлық бірегей тұлға болса, ол осы - Ататүрік. 
Материалды дайындаған Ізгілік  НАҒИ,
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555